4 - тапсырма . Өлеңді мұқият тыңдаңыз . Мазмұны не туралы екенiн айтыныз . Екi iшектiн бiрiн катты , бiрiн сәл - пәл кем бұра . Нагыз казак - казак емес , Нағыз казак - Домбыра ! Бiлгiн келсе бiздiн жайды , содан сұра тек кана : Одан аскан жок шежiре , одан аскан жок дана . Ақиқатты айтқандардын бәрi осылай сорласын Деп бiр хаһан шанағына құйған онын корғасын . Бiр iшегiнде биiктiк бар , бiр iшегiнде терендік . Ол мылқауды сөйлетеді , жылатады керенді Жалган сөйлеп көрген емес соның өзінде : Аппак жалын күйдін жанын жалап жаткан кезінде . ( Қадыр Мырза Әлi ) 1.Такырып кой
2. Өлен не туралы
3. « Аксак кұлан » ертегісінің негізгі идеясы кандай ?
ЭТО СОР,
Қазақ тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістерді бастаған көсемдер, хандар, батырлар, туралы ақындардың әуезе жыр-дастандары әдебиет тарихында маңызды. Ақындық поэзиядағы көрнекті ақындарымыздың бірі Доскей Әлімбайұлының «Кенесары, Наурызбай» атты әуезелік жыр-дастаны да тарихилығымен ерекшеленеді.
Дастанның тақырыбы – Кенесары, Наурызбай бастаған – ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи сипатын таныту, идеясы – ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі халықтың жанқиярлық күресін, қол бастаған батырлардың (Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, т.б.) ерлік істерін даралау, мінездеу.
Дастанның композициясы мынадай бөліктерден құралған: біріншісі – Ресей патшалығының отарлау ықпалына түскен қазақ халқының мүшкіл хал-ахуалына автордың эпикалық баяндауы мен лирикалық толғаныстармен баға бергені; екіншісі – екі жақтан епкіндеп торлай бастаған отарлау құрсауына қарсы Кенесары, Наурызбай бастаған әскердің жиналуы; үшіншісі – Наурызбай, Ағыбай батырлардың Кене хан әскері үшін тұлпарлар жинауы, Жолды аяқ сынды тілеулес батырлар шоғырының құралуы; төртіншісі – Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жауынгерлерінің орыс жазалаушыларымен шайқасып, Қызылжарды, Көкшетауды, Бурабайды, Атбасарды, Қараөткелді және т.б. мекендердi отаршылдардан азат еткенi; бесiншiсi – Ресей патшалығынан азат болу жорығына қырғыз елін де қосу жолындағы әрекеттің қырғыз манаптарының және кейбір қазақ руларының опасыздығының кесірінен сәтсіздікке ұшырағаны; алтыншысы – дастанның тұтас желісіндегі азаттыққа, тәуелсіздікке құштар қаһарман халықтың көркем жинақталған тұлғасының сомдалуы. Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласуы еді.
Қорытындылай келе айтарым, "Кенесары-Наурызбай"- тарихи-реалистік жыр. Аталмыш туынды арқылы сан қатпарлы тарихымыздың бір тарауын біле аламыз, батырларымыздың ерлігіне, халықтың жағдайына куә боламыз.
ответ:Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау - өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам екі нәрседен қателеспеу керек. Біріншісі - жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдауда қателесуге болмайды, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты болмақ. Болашағымды таңдаған мамандығыммен байланыстырамын. Ол үшін мен ең алдымен сабағымды жақсы оқып, медициналық университетке түсуім қажет.
Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер - ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар! Сондықтан «Ақ халатты абзал жандар!» -деп халқымыз жәй айтпаған. Адам өміріне деген жауапкершілік, адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз. Адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жанмын деп бағалар едім.
Ең бастысы, адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзін қоршаған ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, мамандығын сүйіп таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуаныш таба білсе ғана, шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат. Мен өзімнің қалаған маман иесі боламын! Әрине, бұл жолда талай қиындықтар туындайтынын білсем де мен өз мақсатыма жететініме сенімдімін. Осы орайда ойымды жүзеге асыруда қазіргі күннен бастап алға қарай қадам басудамын. Барлық жігерімді білімге,сабаққа салу керек.
Ойымды қорытындылайтын болсам, мен де қоғамға пайдамды тигізгім келеді. Мамандық таңдауда қателеспеген сияқтымын.
Ата-ана баланың көз қуанышы, бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор,сол үшін анамды қуантқым келеді. Арманымыз биікте болсын! Әрқашанда арманымызға ұмтылып, талпынып, шарықтау шегіне жетейік достар дегім келеді.
Объяснение: