4-тапсырма. мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, диалог крындар - мәтінде қандай мақал бар? оны қалай түсіндің? - оңгіме авторы саған таныс па? мөтiн неден басталып, немен аяқталады? ?
Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.
Қазақтың ұлттық әшекей-бұйымдары сән үшін тағылып қоймай, қорғаныс қызметін де атқарған. Сол себепті қазақ қыздарының әшекейлерін жасау үшін тазарту қасиеті бар күміс пайдаланылған. Ерте заманда әшекейді жаңа туған нәресте шағынан бастап таққан. Бұл тіл-көзден сақтайды деген ырымның бір түрі. Олар қызыл таспен әшекейленген күмістен жасалып, жаңа туған нәрестенің тақиясына немесе аяқ-қолдарына тағылған. Халық қызыл түсті тас бақыт пен шаттық әкеледі деп сенгедіктен, көптеген әшекейлерде осы тастың түрі кездеседі. Көз тиюден сақтану үшін 2-3 жасқа толғанда қыз балалардың құлағына осы меруерт тастардан жасалған сырға салған. Және қолдарына шақшақ құс бейнеленген білезіктер таққан. Кейіннен жасы ұлғая келе қыздар асыл тастармен көмкерілген салбырап тұратын сырғаларға ауысқан.