4-тапсырма. Мәтінді оқы. Конгресс кітапханасы
Америка Құрама Штаттарының
ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттардың Конгресінің негізгі
зерттеу филиалы. Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта
орналасқан Конгресс кітапханасы
кітаптарының саны жөнінен
де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана.
Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны 3000 адамнан асады
екен. Кітапханада 437 тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап
пен құнды ақпарат, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Аме-
рикада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам
мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан
1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең
үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 мил-
лионнан астам сурет бар.
Британдық кітапхана Ұлыбританияның ұлттық кітапханасы.
Кітапхана Лондонда орналасқан және әлемнің ең үлкен кітапхана-
179
Н
Объяснение:
Тойбастар — қыз ұзату, үйлену, т.б. тойларда айтылатын өлең түрі. Үйлену той күні жігіттер мен қыз-келіншектер жиналып кешін өткізеді. Сол кеште жастар жағы әр түрлі ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеріп өлең айтады. Тойбастар әні айтылады. Тойбастардың мазмұн-мақсаты той иесін мадақтап, отбасы құрғалы отырған екі жасқа игі тілек, бата, ақыл-кеңестер айту. Айтушының қабілетіне қарай жаттанды өлең түрінде де, жанынан шығарылып та айтыла береді. Өлең құрылысы, ұйқасы көбінесе қара өлең, жыр үлгісінде келеді. Тойбастар шілдехана, сүндетке отырғызу тойларында, үй-ішінің, ауылдың, қаланың басқа қуаныш-қызықтарында айтылады.
Объяснение:
Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толып отыр. Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған.Бұл мерейтой ғалымның бастамасымен құрылған әрі Қазақстандағы кәсіби және инженерлік білім берудің қайнар көзі атанған Тау-кен институтының негізінде құрылған Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 85 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Ой-өрісі кең, ғылымның көптеген саласында энциклопедиялық білімі бар, ғылыми қызметті шебер ұйымдастырушы және алдыңғы қатарлы кадрларды тарта білетін адам ретінде Қ.Сәтбаевтың ұлылығы алдымен еліміздің интеллектуалды, ғылыми дамуына бағыт беруінде, қазақстандық қоғамды ағартушылықтан интеллектуалды ғылыми және кәсіби деңгейге көтеруінде. Қ.Сәтбаев басшылығымен жасалған қадамдар халқымыздың, жастарымыз бен еліміздің бүгінгі инновациялық және ғылыми әлеуетінің іргетасын қалады. Бүгінде оның еліміздің дамуына үлкен серпін бергені туралы ойлана бермейміз. Алайда өткен ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстан сауатты және ағартушылық қоғам болғанымен, кез келген кәсіби инженер кадрларды Ресей немесе Өзбекстан даярлап, ғылыммен Қазақстанға келген мәскеулік немесе ленинградтық ғалымдар ғана айналысты. 1927 жылы жас маман, инженер-кенші Қаныш Сәтбаев өзінің кәсіби қызметін жергілікті кәсіби кадрлардың жоқтығына, қаржыландырудың жеткіліксіздігіне қарамастан, ағылшын концессионерлерінен мұраға қалған ғылыми-зерттеу жабдықтарында жұмыс істеуді Қарсақбай мыс кенішінен бастайды. 3 жылдан кейін 1930 жылдың басында оның тобымен ашылған шашыраңқы мыс кенорындары – үлкен Жезқазған кенорны қоры 2 млн тонна мыстан кем емес әлемдегі ең ірі кенорындардың бірі екендігі ғылыми дәлелденеді. Кейінірек оның «Үлкен Жезқазған мәселелеріне арналған» (Народное хозяйство Казахстана, 1936, №1-2, 74–83-бб.) алғашқы ғылыми мақаласы жарық көреді. Бұл Орталық Қазақстанның және тұтастай еліміздің бет-бейнесін толығымен өзгертті. Үлкен Жезқазғанның ашылуы адам ерлігімен қатар бүгінде жастар үшін практикалық міндеттерді жүзеге асырудағы кәсіби, ғылыми тәсілдің үлгісі болып табылады. Өркениеттен мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан Қарсақбай кентінде Қ.Сәтбаев ғылыми фактілерді зерттеу мен талдаудың ең үздік құралдарының көмегімен өмірінің соңына дейін дәл әрі жете талдау жасаған. «1935 жылдың 1 қаңтарында Жезқазғанның кен қорлары барлық категориялар бойынша 3220 мың тонна мысты құраса, олардың ішінде 1330 мың тонна А2+В категориясы бойынша. Кеніштерде А2+В категориялы мыстың орташа мөлшері 1,92 %-ға тең.(。•̀ᴗ-)✧