4-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы. 1. Сақтар мемлекетінде жауынгерлердің, әсіресе қолбасшылар мен батырлардың орны жоғары болды. Одақты сақ көсемдерінің кеңесі сайланған патшалар биледі. Тайпа көсемдерін тайпа мүшелері сайлайды. Сақ қоғамы үшке бөлінеді: әскерлер, абыздар, ру мүшелері (егіншілер, малшылар, қолөнершілер және т.б). Патша мен әскер көсемдерін тек қана әскер тобынан сайлайды. Адамзат дамуының бұл кезеңін «Әскери демократия» деп атайды. Сақ жауынгерінің қару- жарағы мен сауыт-сайманы түгел болған. Еуропада мұндай қарулар орта ғасырларда ғана пайда болды. 2. Геродот: «Біз білетін халықтардың барлығынан да скиф халқы данышпан Өздері разылық етпесе, олардың еліне басып кірген ешбір жау сақтарды жаулап ала алмайды. Олардан қашып та құтыла алмайды. Өйткені скифтердің қаласы, қамалы жоқ. Баспанасын өздерімен ала жүреді, барлығы аттылы, садақ атқыштар; олар жеңімпаз. Ешкім жеңе алмайтын болмағанда қайтеді! Скифтер өздерін де, аттарын да сауытпен қорғаған», - деп жазған. 3. Мына бір қызықты деректі қараңызшы: «Скифтер соғыста парсыларды әбден шаршатқаннан кейін Иданфирс Дарийға тарту ретінде құс, тышқан, құрбақамен садақтың оғын жібереді. Бұл тартудың шешуін Дарий : «Құс ауаны,тышқан жерді, құрбақа суды мекендейді ғой. Скифтер маған үшеуінің билігін берген екен. Садақтың оғы-скиф ерлігінің белгісі, оны сыйлағаны-маған бас игені»- деп, өзі үшін жақсылыққа жориды. Бірақ, Дарийдің уәзірлерінің бірі-Гобри бұл жұмбақ тартудың мағынасын: «Сендер, парсылар, құс болып аспанға ұшып, тышқан болып жерге кіріп, құрбақа болып теңізге түсіп кетпесеңдер, біздің садағымыздың оғынан құтыла алмайсыңдар!» дегені болар,- деп басқаша шешеді. Көп ұзамай жұмбақ тартудың мағынасын шынында да осындай болғанын көзі жеткен Дарий патша: «Бұл жерден аман кетуді ойлау керек екен»,- деп скиф жерінен көшіп кетеді. Мәтіннен сілтеу, жіктеу есімдерін теріп жаз. Бағалау критерийі: Мәтінен есімдіктерді теріп жазу.
Дескриптор: Мәтінен есімдіктерді теріп жазады.
кешір білмеймін егер білмесең неге жазасын десең оның өз себебі бар