4-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы: «Жигсо» «Бөлшекте, жинақта!». Сынып үш щтопқа бірігеді. Әр
топтағы оқушылар №1, №2, N® 3 түрінде белгіленеді. 1-кезеңде әр топтағы балалар мәтінін
өздеріне тиесілі бөлігін оқиды. 2-кезеңде әр топтағы балалар нөмірлеріне сәйкес бір
топқа бірігеді. Олар өздері оқыған мәтін бөлігінің мазмұнын бірігіп талдайды, ой бөліседі.
3-кезеңде топ мүшелері қайта өз орындарына барады да мәтіннің мазмұны бойынша кеңесі
өздері қалаған тәсілмен (тірек сөздер кестесі, кластер, диаграмма, сурет, карта және т.б.)
ойларын жинақтайды. 4-кезеңде әр топ өз жұмыстарын сыныптың алдында қорғайды
1. Зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан болған сөйлем мүшесінің сындық, сандық, иелік, мөлшерлік т.б белгілерін білдіреді
2. Қандай? Қай? Қанша? Неше? Кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді
3. Өзі анықтайтын мүшемен байланыс *матасу, қабысу түрінде болады
Пысықтауыштың мағыналық түрлері
1. Мезгіл пысықтауыш. Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Ол бүгін келеді. Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді.
2. Мекен пысықтауыш. Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Әжесі үйде қалды. Қайсар биыл мектепке барады. Біз қала маңынан келдік.
3. Мақсат пысықтауыш. Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім.
4. Амал пысықтауыш. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре - жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде, ол сылқ - сылқ күлді.
5. Себеп пысықтауыш. Неліктен? Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.
6. Мөлшер пысықтауыш. Қанша? Қалай? Сабақта ұзақ сөйледі. Емтиханға жаппай кірді. Тақтайды ұзын кес.
1) Сұраулы сөйлем деп – біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
2) Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.
3) Отбасы туралы мақал-мәтелдер:
Өз үйім өлең төсегім.
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
Қарындасың – қарлығашың.
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
Отан – отбасыдан басталады.
Отбасының өнегесі – Отанның өнегесі.
4) Абай Құнанбаев өзінің жетінші қара сөзінде адамның екі түрлі мінезі туралы,білім,білуге ұмтылу керектігі айтылады.