4 -тапсырма.
Мәтінді тыңда. Түсініп оқы. Жоспар құр.
Су – қалыпты жағдайларда сутегі мен оттегінің тұрақтылығын сақтайтын қарапайым
химиялық қосылыс. Ол қатты, сұйық және газ сияқты күйде болатын бірден-бір минерал. Су —
түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Су — қабаты 5 метрден асқанда көгілдір түсті болып көрінеді.
Жер бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. Су қорына мұхит, теңіз, көл, жерасты сулары жатады.
Су атмосферада бұлт, тұман, бу, жаңбыр түрінде болады. Су буға айналады. Будан бұлт пайда
болады. Ол жаңбыр, қар, бұршақ болып жерге жауады.
Мұздықтар мен айсбергтер де су болып есептеледі. Адам, өсімдік пен жануарлар денесінің
бір бөлігі судан тұрады. Сусыз тіршілік жоқ. Бүкіл жан иесі сусыз өмір сүре алмайды. Жер
бетіндегі биологиялық өнімдердің 43%-ын, оттегінің 50%-ын мұхит пен теңіздер береді.
Жер бетінде ішетін су аз. Ол күн сайын азайып барады. Сондықтан суға қамқорлықпен қарау
керек. Ол біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады.
Мәтіннен сан есімдерді тауып, сан есімнің қай түрі екенін айт.
найти числительные
Ғаламтор туралы диалог құрастыру.
Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?
Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.
Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.