4- тапсырма. мәтіннің 2 бөлігінде кандай мәселе көтерілді? 1 сөйлеммен жас
еламан теңізге тартты. түнде жел тұрған ба, таяуда жауға үлпілдек қардың бет жағы
борап, жағалаудың мұзы қай көктайғақтанып қалыпты. сонан бұл ақ қар, көк мұз үстінде
күні бойы жалғыз. мұз ояды. ау қарайды. теңізге шыққанда, маңындағы кісілерді
байқамайтын. төбеде көк аспан. табан асты көк теңіз. екі дүние арасында жабырқау ойды
жанына серік қып, күні бойы күйбеңдеп жүріп өмір туралы, өзі жөнінде ойлайды. теңіз
үстінде ғана емес, өмірде де жалғыз екенін ойлайды. әке-шешеден ерте айырылды. әкесімен
бірге туған ағасы – есбол бұл арадан бір күншілік жерде тұрады. , жалғыз жетім
шалдан қайыр шамалы. ендігі жанашырдан – немере іні – рай. бірақ ол жас. өзі сияқты о да
әке-шешеден жастай жетім қалды. қазір қарт әжесі екеуі өз алдына түтін түтетіп отыр.
еламан күрсінді. аяғы астында жатқан бір-екі қты етігінің тұмсығымен теуіп,
өзінен әрегірек ысырып тастады да, аудың арқалығын ұстады. күтпеген жерден қайын атасы
есіне түсіп кетті. тікбақай тентек шал ел ішіне сыйымсыз. отбасына да мазасыз. еламанды
«қшы» деп атап, бұған айтқан қай сөзді де әзілге айналдырып отырады. оған бұл
үйренген. кеше де қатынаған біреуден «қшыға сәлем айт, ауыз ашқасын барам», - деп
хабар жіберіпті.
Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де – «Ұлпан» романы. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, романда көрінетін Ұлпан тек қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау тұрған әдеби бейне. Жеті мың бетке жуық қолжазба, жазу кітапшаларын қалдырған Леонардо да Винчиге еліктеген қазақтың сөз зергері Ғабит Мүсірепов қойын дәптеріне "Менің Джокондам – Ұлпан" деп жазған екен. Сондай-ақ қаламгер "Тұтқын қыз" атты кітабында былай дейді: "Ұлы суретшімен жарысқа түстім десем, оным барып тұрған астамшылық болар еді. Мен онша ақымақ болмасам керек. Әрбір жазушының ойында әр кезде өзімен бірге жасасып, толыға түскен бейнелері болу керек. Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі т.б. Джоконда да маған мұңайыс пен жымию сиқыры сияқты елестейді. Мен сиқырға бара алмадым, кәдулігі тірі әйел бейнесін жасамақ болдым. Горькийдің бағытын ұстадым. Ұлпанда романтизм бар деп те ойлаймын. Орыс сыншылары Ұлпан бейнесінде аңыз бар десті. Мен жоқ деймін. Ұлпаннан бірнеше ғасыр бұрын өткен Абай, Қарқабат, Ақкелің, Домалақ ене, тағы басқа да рулы елге ұран болған әйелдеріміз болған ғой!" деп жазады.
Объяснение:
1 тема
Досым (досыңның есімін жаз): Сәлем! Қалайсың?
Мен(өзіңнің есімің): Сәлем! Өте жақсы!
Досым (досыңның есімін жаз): Сен қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері болған Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білесің?
Мен(өзіңнің есімің): Мен Ахмет Байтұрсынұлы туралы көп мәліметтерді білемін. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор. Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы негізінде жасалған.
Досым (досыңның есімін жаз): Керемет! Тағы қандай ақпараттар айта аласың?
Мен(өзіңнің есімің): Сонымен қатар, Ахмет Байтұрсынұлы "Оқу құралы", "Тіл тағылымы", "Әдебиет танытқыш" сияқты әдебиет пен қазақ тіліне байланысты кітаптар жазған кісі. Оның бұл еңбектері қазіргі әдістеме тұрғысынан әлі күнге дейін маңызды оқулық ретінде бағаланады.
Досым (досыңның есімін жаз): Сен Ахмет атамыз туралы өте көп мәліметтер біледі екенсің! Бұл ақпараттарды қайдан білдің?
Мен(өзіңнің есімің): Мен бұл мәліметтерді кітапханадағы 6-томдық энцеклопедиялық кітаптың "Ахмет Байтұрсынұлы" бөлімінен оқып білдім. Сенде ол кітапты алып оқысаң болады.
Досым (досыңның есімін жаз): Рақмет! Менде ол кітапты оқитын боламын. Сау бол!
Мен(өзіңнің есімің): Сау бол!