4-тапсырма. Малаланың пікірлерін жұп болып талқылай отырып, оларды құрмалас сөйлемге айналдырыңдар. (Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге қалай
айналдырады?)
• Мен Талибанға кек сақтамаймын. Мен содырлардың балалары
білім алса екен деймін.
• Біз өз үніміздің салмағын үнсіз қалған кезде ғана сезінеміз.
• Пәкістанның басындағы барлық шешілмеген мәселенің түп
себебі - надандық. Соның кесірінен саясаткерлер халықты алдап,
қайта-қайта сайланып жатыр.
• Экстремистер кітап пен қаламнан қорқады, білімнің күші
оларды сескендіреді. Кітап пен қалам лаңкестікті жеңетін алапат
күш.
ответ:9-тапсырма
Менің ойымша Ұлттық құндылықтар-ел болашағы.Себебі өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ. Соның ішіндегі басты құндылықтарға Отанға-қызмет ету жптады.Біздің парызымыз отаншыл болуға, жас ұрпақтың санасына отаншылдық ұғымын берік орнықтыруға тиіспіз. Жәнеде елін, жерін сүйетін адамды патриот деп атайды.Патриод сөзіне лайық болу үшін- өз Отанын адал сүйетін, қызмет ететін, өз елі үшін құрбан болатын адам болу керек. Ұлттық құндылықтар бұнымен бітіп қоймайды.Өйткені еліміздің алтын байлықтары-ана тілі мен туған тарих,салт-дәстүр.Әр қазақ ана тілін ардақтайды.Себебі біз ана тілімізде сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, білім аламыз. Әр ұлттың өз туған, ана тілі болады. Біздің тіл қазақ тілі.Әрине әр елдің туған тарихы болады . Қазақ елінің тарихы өте бай. Туған тарих-өткеннің белгісі дегендей ата-бабаларымыздың біз үшін тастап кеткен тарихы өте көп. Және ертеден келе жатырған салт дәстүр - ұлттық құндылықтардың бірі.Салт-дәстүр — халықтын діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшеліктеріне сәйкес ғасырлар бойы жинақталған жиынтық. Осымен Ұлттық құндылықтар аяқталады,еліміздің дамуы біздің қолымызда.
Адами құндылықтар деген біздің бойымыздағы, ішкі жан дүниеміздегі құндылықтар. Адам – ең жоғарғы құндылық. Еліміз егемендік алғаннан кейін адамды ең жоғары құндылық ретінде бағалау қалыптаса бастады. Адамның бар құндылығы – оның өмірі. Ол адамның мінезі мен темпераменті, мүддесі, көзқарасы, әдеті, тілегі, мәдениеті, тәрбиелік деңгейі, бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, кішіпейілдігі, әдептілігі, жеке басының тазалығы, әсемдігі, сөйлеу мәдениеті т.б.
Адамның өмір сүру барысындағы қолданатын тәсілінде оның түрлі қажеттіліктері, ақыл-ойының қалыптасуы, еркіндік жауапкершілігі, қызметін ұйымдастыруы және болжамы анықталады. Оның іс-әрекеті және сол арқылы адамның қалыптасуы мен дамуы өз шешімін табады. Адам- дүниені өзгертуші күш.