4-тапсырма. Оқиық, қызық! Маймыл мен айна
(Крыловтан)
Айнаның қарсы алдына Маймыл барып,
Айнадан өз суретін көре салып,
Аюға жанындағы күліп айтты,
Ақырын аяғымен түртіп қалып:
«Бері қара! Бұ кім өзі, мынау перің?
Білмеймін қайдан шыққан мұндай көрім?!
Он екі мүшесінің бірі оңды емес,
Көз салып, қарап тұрсам әрбір жерін!
Мен бұған титтей ғана ұқсас болсам,
Ішіме пышақ салып өлер едім!
Ол рас бес-алтау бар екені
Кейіпсіз нақ осындай бөлелерім».
«Маймылжан, біраз ғана етсең төзім,
Менің бар жалғыз ауыз айтар сөзім:
Әуре боп бөлелерің санағанша,
Абайлап қарашы әуел өзіңе-өзің».
Аюдың бұл ақылы айтқан досқа,
Бір жүріп, бірге тұрған көңіл қосқа,
«Алды – жөн адасқанның» деген сөз ғой,
Тыңдаусыз, құр далада қалды босқа.
Аударған А.Байтұрсынұлы ә тапсыр ма
Біз осы жазда еліміздің көптеген
аймақтарына саяхат жасаймыз деп
шештік.Ең алдымен біз Қазақстанның
астанасы-Нұрсұлтан қаласына
бардық.Нұрсұлтанда бiiз көптеген көрікті
ғимараттар көрдік.Бірақ маған ең ұнағаны
ол -Бәйтерек!Себебі жүзеге асырылған
алып мұнараға көтерілсеңіз, Нұр-Сұлтан
қаласы алақаныңызда тұрғандай көрінеді!
Келесі апта біз туысқандарымызға ыстық
ықыласымызды білдіріп,басқа қалаға жол
жасадық!
Келесі саяхат жасаған қала ол Еліміздің
ең үлкен қаласы-Алматы Алматыда бізді
менің апкем күтіп Алматының көптеген
жерлерін көрсетіп шықты.Алтын адам емес
пе?Алматы қаласында біз Көктөбе жеріне
бардық, бұл жерде мен көп фотосуреттер
жасаа,зооппаркка бардым.Барлығын сөзбен
жеткізе алмаймын бірақ саяхат тамаша
болды!
(Бұл жақта теңеу және әпитет олалтын
адам,ыстық ықылас)
можешь добавить еще несколько
городов,надеюсь лучший
ответ?
Сөздердің баламасын табу.
1. Аузы жеңіл – аузында сөз тұрмайды.
2. Баласын құтты орнына қондыру – қыз баланы ұзату, тұрмысқа беру; үйлендіру.
3. Құлағы тосаң – құлағы нашар естиді.
4. Қолының жымысқысы бар – ұрлыққа жақын адам.
5. Қосып айтады – өтірік айтады.
6. Ауыз бастыру - айтпауға уәде беру үшін ақы беру.
7. Сөзге келу – ұрысып қалу, ренжісіп қалу.
8. Бет жыртыспау – ұрыспау, ренжіспеу.
9. Жасы ұлғаю – қартаю.
10. Қалтасы тесік – кедей адам.
11. Сымсыз телефон – өсек, қауесет.
12. Аузының желі бар – өсекші.
13. Ұзын құлақ – ауыл арасындағы жаңалықтарды ауызша жеткізу 14.Ішінде бүкпесі бар – сыры, құпиясы бар.
15. Қолды болды – ұрланды.