4-тапсырма. Пернетақта,заңгер, зертхана, төлқұжат, электронды кілт жаңа сөздерді жасалу жолына қарай топтарға бөліп жазыңдар. Сөздердің бірігуі арқылы: Басқа тілден себе сөз аудару арқылы: Қосымша арқылы
«Жерұйық» көркемфильмі 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе аулында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы фильм. «Жерұйықтың» көрермен назарына жол тартқанына да бір жылдың көлемі болып қалды. Фильмнің басты идеясы — Қазақстандағы көпұлттылықтың пайда болуын көрсету. Режиссері - Сламбек Тәуекел, ал сценарийдің авторы - Лаврентий Сон сол заманның тірі куәгерлері. Басты рөлдерді Болат Әбділманов, Назгүл Қарабалина, Сергей Попов, Бағлан Әбдіраимов, Тамара Қосубаева, Алтынай Нөгербек, Меңтай Өтепбергенов, Алексей Шемес сынды дарынды әртістер сомдайды. Алғашында «Атажұрт» деп аталып, кейіннен «Жерұйық» болып өзерген бұл фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған Қазақстан халқының достығын бейнелейді. Сценарийі үш айда жазылып біткен фильм 2009 жылғы қарашадан 2010 жылдың қараша айына дейін Қаратал өзенінің бойында түсірілген. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп». Ұлы Абайдың осы сөзін беташар қылған картинаның көтерген жүгі барынша ауыр. Қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлықты дәріптеген бұл көркем фильм бір жылдың ішінде-ақ, айтарлықтай деңгейде өз көреременін жинап үлгерді. Біз тарих кітаптарынан ақтарып отырып оқитын Сталин заманындағы өзге ұлттарды қазақ жеріне қоныстандыру саясатының құрбандарын және олардың кешкен ауыр да, азапқа толы тұрмыстарын осы фильмнен көре аламыз. Болат Әбділманов сомдаған Орынбайдың бойына достыққа адалдық, қонақжайлылық, турашылдық, әділеттік жолында басын бәйгеге тігуге дайын батырлық сияқты жағымды қасиеттер топтасқан. Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, адалдығынан айнымаған, тектілігін жоғалтпаған, ізіне шам алып түскен сатқындардың сөзіне арбалмай, бір-бірін отқа итермеген мәрт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап қазақ еліне келген кезде қатты жатсынады. Бірақ бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір үзім нанын да бөліп береді. Фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай - өмірде болған кейіпкер. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әртүрлі ұлттарды жатырқамай, бауырына басады. Міне, қазақтың қазақшылығы да осында ғой... Нағыз бұқпасыз шындықты дәл көрсеткен көркем туынды сапасы жағынанан да ешқандай фильмдерден кем емес. Фильм соңы мәрт азамат – Орынбайдың Сібірге жер аударылуымен аяқталады.
Әрбір адамның ұнататын сүйікті ісі болады. Бірі ән салуды, екіншісі би билеуді, үшіншісі гүл өсірумен шұғылданса, келесісі кітап жинаумен айналысуы мүмкін. Кесте тоқу – біреудің сүйікті ісі болса, қолөнер бұйымдарын жасау – екіншісінің, тағамдар даярлау -үшіншісінің, үй жануарларын күту –төртіншісінің сүйікті ісі болуы да мүмкін.Менің сүйікті ісім бұл тамақ пісіру.Мен үйде бос уақытымда әртүрлі печенье,торт,салат,бәліш т.б.тамақтар пісіремін.Адам өзінің сүйікті ісімен шұғылданғанда адамның бойында ерекше ынта,жігер, қызығушылық,үйіспеншылык сезімдері артады.Сүйікті ісі адамға қанат бітіріп шығармашылыққа жетелейді.Сүйікті іс үлкен жетістіктерге қол жеткізеді, сондықтан бос уақыттарыңды сүйікті істеріңе арнауға тырысыңдар.

Объяснение: