Мен теледидар көруді кіші кезімнен бастап ұнатамын. Өз бөлмеңде отырып, басқа жерге саяхаттай алу қандай керемет! Маған ұнайтын телебағдарламаға тоқталатын болсам, ол "Пәтер мәселесі". Бұл бағдарламаның басты мақсаты - пәтерлерді жөндеу және пәтер иелерін таң қалдыру. Анам дизайнер болғандықтан ба, білмеймін, бұл іске деген құштарлығым бар. Қандай түс қандай бөмеге келеді, қандай жас аралығында, қандай бағаға деген сұрақтарға жауапты жаңағы телебағдарламадан таба аласыздар. Менің болшақтағы армандарымның бірі - дәл сол бағдарламадағыдай адамдардың үйлерін әрлеп, оларды қуанту. Әсіресе, мен бұндай жақсылықты ауылды жерде тұратын, ақшасы аз және жастары үлкен азаматтарға жасаушы едім. Қаладағы адамдардың дизайнер жалдауға мүмкіндігі болса, ауылдағы адамдардың ондайға көбінесе ақшасы жете бермейді. Сол себептен, ол кісілерге қол ұшымды беріп, әлеуметке пайдалы іс-шарамен айналысқым келеді.
ответ:Қазақта ұлттық намыс жоқ. Ол әр адамның бойына керек қасиет. Біз Мәңгілік Ел боламыз деп жатырмыз. Мынау жаһанданудың жұмырында жұтылып кетпеу үшін өзімізді алға сүйреу керекпіз. Ұлы мақсатқа лайық ұлы намыс қажет. Тілдің мәселесін көп айтамыз ғой. Ол да сол намыссыздықтан туған індет. Жеке дара тәуелсіз ел атанғанымызға жиырма жеті жыл болып қалыпты. Бір қарағанда, аз уақыт емес. Бірақ осыған қарамастан, ұлты қазақ бола тұра әлі де тәуелсіздіктің мән-мағынасын ұғынбайтындар, әлі де қазақ тіліне мұрын шүйіріп қарайтындар кездеседі. Солардың ішінде ел келешегі жастардың бар екенін сезгенде көңіл құлазиды. Тек көңілге үміт ұялататыны «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген Елбасының сөзі. Бірақ, осы сөздерді біздің қазақтар естімейтін секілді...».