4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер. ( літылым
1. Мәтіннің бірінші бөлігінде не туралы айтылған?
2. Алдаркөсе мен Қожанасыр туралы не білесің? Олар туралы
» айтар едің? Кімнің әрекеті дұрыс: Қожанасырдың ба? Байдың
3. Мәтіннің екінші бөлігіндегі Қожанасырдың әрекеті туралы
Менің ойымша, менің пікірімше, қорыта айтқанда және т.б.).
be
й
«Қазақстанның табиғаты» диалог
-Қазақстанның барлық территориясы үшін ортақ сипаттама қандай?
- Қазақстан жері-ұлан байтақ, Франция,он бес Бельгия жеріндей жер көлемі 2756 мың шаршы км.Республика жерінің үлкендігі соншалық оның оңтүстігі мен солтүстігінді,батысы мен шығысындағы табиғат бір-біріне ұқсамайды.Барлық территория ортақ сипатттама-ол жердің қуандығы мен континеттальдығы.
- Қазақстан жерінің неше пайызын шөлт және шөлейт аймақтар,таулы жер алып жатыр?
-50 пайызын -шөлт,шөлейт;таулы жер-10 пайыз.
- Су қоры туралы не айта аласың?
- Елімізде су қоры өте мол.Қазақстан жерінде Балқаш, Алакөл,Зайсан,Теңіз,Марқакөл,Шалқар,Қорғалжын сияқты ірі көлдер бар.Жерімізде Ертіс,Есіл,Сырдария,Іле,Тобыл сияқты ірі өзендер ағады.
- Қазақстанның жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қандай?
- Қазақстанда 158 түрлі сүт-қоректілер,458 түрлі құстар,150 түрлі балықтар,52 түрлі бауырымен жорғалаушылар, көптеген жануар-жәндіктер кездеседі.
- Қазақстанда неше қорық бар?
-Алты мемлекеттік қорықтар.
- Қазақстанның кең жерінде шипагерлік орындап көп.
-Мәселен Сарыағаш,Алмаарасан,Арасан- қапал.Бұл шипалы емдейтін орындар.Жаңақорған,Мойылды шипалы балшықпен емдейді.
- Қазақстанның жер қойнауында қандай пайдалы қазбалар бар?
- Қазақстанныңның жер қойнауы өте бай.Жерімізде Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің бәрі де бар.
Тура және ауыспалы сөздің мағыналары
Сөздің бастапқы (негізгі) білдіретін тура ұғымы — оның тура мағынасы болып есептеледі. Цирктерден қолға үйретілген арыстанды көруге болады, дегенде арыстан сөзі — жыртқыш, қайсар аң ұғымын береді, сол аңды көз алдымызға елестетеді.
Ал «Арыстан еді-ау Исатай бұл пәнидің жүзіңде…» (М) дегендегі арыстан аң ұғымын емес, асқан ерлік пен күш-жігердің, намыс пен ежеттіліктің батыр тұлгасы ұғымын береді. Яғни тура мағынасы ауысып, келтірінді басқа мағынаға айналады. Сондықтан сөздің мұндай мағынасын ауыспалы (келтірінді) мағына дейді.
Завод деген сөз жеке тұрып та, сөйлемде келсе де, бір-ақ мағынаны — заводты білдіреді. Сондықтан мұндай сөздерді бір мағына білдіретін сөздер дейміз. Ал бас сөзі бірнеше мағынаны білдіреді: 1. Адам басы; 2. Таудың басы; 3. Жұмыстың басы; 4. Сөздің басы; 5. Бұлақтың басы т. б.
Сөздің зат, құбылыс, ұғым, түсінік, болмыс, амал, әрекеттерге тағылған атау түріндегі бастапқы мағынасын сөздің тура мағынасы дейді де, бастапқы мағынасынан ауыстырылып, өзге мағынада қолданылуын ауыспалы мағынасы дейді: Қол — адамның дене мүшесі. Бұл — осы сөздің тура мағынасы.
Сен менің оң қолымсың деген сөйлемде оң қолымсың деген сөз көмекшімсің деген мағынаны білдіріп тұр. Ал қол ұшын береді деген тіркесі жәрдемдесті деген үғымды, қолы жеңіл — ісі сәтті деген ұғымды білдіреді. Бұлар — қол сөзінің ауыспалы мағыналары. Кейде бір сөз бірнеше мағынада да қолданыла береді. Мысалы: Ақ сөзі бірде түсті білдіріп, ақ көйлек деген тіркесте қолданылса; бірде сүт, айран дегенді білдіреді