4-тапсырма. Сөйлемдерден етістіктерді тауып, оларды құрамына қарай талдаңдар. 1. Ұзын бойлы, әскери киімді, ақ сары кісі қақпа сыртындағы пар ат жеккен тарантасқа мінгізді де, «айда!» дегендей белгі берді (Б.Тое.). 2. Іңір' түсе қалып еді, құрық үстіне құрық жаудырып, жылқыны әлдеқайда қуып бара жатқандары естілді (М.Ə.). 3. Келген қонақтарды үлкен үйге кіргізді. 4. Құлазыған жазық далада аппақ қардан еш нәрсе көрінбейді. 5. Шөлдеп келген жауынгерлер суық қымыздан бір-бір жұтысты. 6. Жабайы торы атын бір күн тынықтырып, Ержан бүгін тағы да аңға шығып кетіп еді (Ғ.Мүс.). 7. «Жігітектен отыз кісі хатқа тізіліпті» деген хабарды естігенде, Байдалы өз ауылына Базаралыны шақыртып алды (М.Ə.).
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Казахские буквы не писал т.к. не читает программа.