4-тапсырма. Сөйлемдерден реттік, болжалдық сан есімдерді ажыратып көрсет. Менің ауламда отыз шақты терек бар. Досымның пәтері бесінші қабатта Біздің бақшада
шамамен он бес шақты терек бар. Ғимараттың биіктігі – 180 метр. Аулада 20-25-тей емен
ағашы бар. 22 Наурыз -Ұлыстың ұлы күні. Итмұрынның биіктігі 2 метрге жуық. Ертең
аптаның жетінші күні.
Реттік сан есім:
Болжалдық сан есім:
(Диалогты қазақшаға аудару).
- Сәлем,Роман!
- Қайырлы таң,Артём!
- Сен кеше жаңалықтарды қарадың ба?
- Жоқ, ал онда не болды?
- Кеше президентіміздің елге Жолдауы жайлы айтылды.
- Мәссаған,ал Жолдау не туралы?
- Онда президент "Қазақстан 2050" стратегиясын қозғады, мемлекетіміздің басты жеті құндылығын атап өтті. Айтпақшы, сен қандай құндылықтарды білесің?
- Хм,әлбетте,қызық сұрақ.Мүмкін,басты құндылықтар – тәуелсіздік,астанамыз, елдің бірлігі, рухани және мәдени дамуы шығар.
- Ия,сен өте дұрыс айттың. Ал сен "Қазақстан 2050" стратегиясы туралы не білесің?
- Өкінішке орай, ештеңе. Мүмкін сен маған айтарсың?
- Бұл стратегия жастарға бағытталған. Басты мақсаты - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру.
- Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды қадам.Жарайды, маған кету керек.Рахмет және кездескенше.
- Кездескенше!
1)Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дәуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет кейіпкерге қарап отырып салынады, кейде көмекші материалдарға (көркем, ауыз әдебиеті, түрлі тарихи деректерге, т.б.), естеліктерге сүйене отырып та ойдан туындайды.
2)Шартты рай
Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, жүр-се, оқыт-са, айтпа-са.
3)жазсаң, окысаң, келсең, салсаң, сөйлесең