4-тапсырма. Үстеулерді құрамына қарай топтастырып жазыңдар
Негізгі түбір
кеше, ...
Туынды түбір
балаша, ...
Күрделі
таңертең, ...
зорға, кеше, әрең, қасақана,
амалсыздан, ілгері-кейінді, қыранша, күні бойы,
бұрын, таңертең, таң сәріде, емін-еркін, балаша, бекер,
жоғары, көп, жаздыгүні,
ала жаздай
Көз майын тауысу – көп оқу арқылы білімге ұмтылу. Синонимі: көзі ашылу.
Ит арқасы қиянда – алыста. Синоним:жер аяғы қиянда, ит өлген жер.
Инемен құдық қазу – ауыр. Синонимі: қабырғасы қайысу.
Жүрегі жарылу – қатты қуану. Синонимі: төбесі көкке жету.
Жерден жеті қоян тапқандай – үлкен қуаныш. Синонимі: екі езуі екі құлағына жету.
Маңдай терін төгу – қажырлы еңбек ету. Синонимі: жердің жарығын бітеу.
Қиындықта шыңдалу – қиындыққа қарсы тұру. Синонимі: ыстық-суықты көру.
Тағылымдамадан өту – тәжірибе жинау. Синонимі жоқ.
Биік дәрежеге жету – биік деңгейге көтерілу. Синонимі: беделі көтерілу.
Менің ойымша, "Ғажайып планета" әңгімесі фантастикалық жанрда жазылған әрі жазушының маңдай терін төгіп жазғаны көрініп тұр. Фантастикалық жанрда шығарма жазу инемен құдық қазғандай десе де болады. Әңгімедегі таныс емес атаулар, құбылыстар сипатын ерекше жеткізе алу деген шеберлігінен автордың көз майын тауысып іздегенін, қиялға ерік бергенін көрдім.
Осыған байланысты мен адамзат қиялында шек жоқ және біз білмейтін ғаламның қаншама сыры бар деген түйін жасағым келіп отыр. Осындай шығармалар арқылы қазақ әдебиеті биік дәрежеге жетеді деген үміттемін.