4-тапсырма. Тұрақты тіркестерді толықтырып жазыңдар. Өздерің қалаған
бір тұрақты тіркестен 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін жазыңдар.
1. Айбаты ... ұқсау. 2. ... айбатты. 3. ... білекті. 4. ... ақыру. 5. ...
жалындай. 6. ... жосылу. 7. ... жүректі. 8. ... жүрегіндей. 9. Жас ...
жалындау. 10. Жараланған ... . 11. Қойға шапқан ... . 12. ... жағы
карысу. 13. Қарға аунаған ... . 14. ... құлпыру. 15. ... лағындай.
Теңеулер: арыстанға, жолбарыстай, барыстай, жылқының, бөрідей,
арыстандай, жолбарыстың, аюдай, түлкідей, құндыздай, еліктің,
ақбөкен.