4-тапсырма. Өздерің қалаған мақал-мәтелдердің мазмұны бойынша ребус Құрандар.
1. Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар. 2. Алтау ала
болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. 3. Тозған
қазды топтанған қарға алады. 4. Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.
5. Ынтымақ бұзылмайтын қорған.
Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.
1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.
1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.
1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.
1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.
Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.
1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.
Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.
Школьные Знания.com
Какой у тебя вопрос?
1
Избавься от ограничений
ПОПРОБУЙ ЗНАНИЯ ПЛЮС СЕГОДНЯ
zhanaraaltynbe
zhanaraaltynbe
28.11.2018
Қазақ тiлi
1 - 4 классы
ответ дан • проверенный экспертом
Өнерім өмірім тақырыбында өздеріңе ұнайтын өнер қайраткері туралы жинақты мәтін жазу керек. Терминдер мен кәсіби сөздерді қолданындар
1
СМОТРЕТЬ ОТВЕТ
zhanaraaltynbe avatar
Войди чтобы добавить комментарий
ответ, проверенный экспертом
4,8/5
45
maudarbekova
умный
5.7 тыс. ответов
15.2 млн пользователей, получивших
Өнерім – өмірім.
«Өнерім – өмірім» менің ойымша бүгінгі таңда Димаш Құдайберген толық сенімділікпен айта алады. Себебі, бұл әнші өнерлі отбасында дүниеге келіп, туа біткен дарынын шыңдап, бүгін әлем мойындаған, барша жұрт өнеріне тәнті болған, атағы жер жарған Димаш Құдайбергенге айналды. Өз таланты мен қажырлы еңбегінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, барша әлемге танымал тұлғаға айналды. Дарынды отбасынан шығып, музыкалық білім алып, талантын одан әрі қарай шыңдай білген. Ең алдымен Қытай елінде өткен әншілер сайысына қатысып, екінші жүлделі орынға ие болып, бар әлемді өз талантымен сүсіндірді. Бұл әншіні бар қазақ елі мақтан тұтады. Жақында ғана Лондонда лық толы зал жинап, жеке концертін берді.
Жас та болса, бірнеше байқау жеңімпазы мен лауреаты атанып үлгерген. Солардың ішінде Витебск қаласында өткен XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған, «Халық сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаты, «Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін» Қазақстан Республикасының Президенті Құрмет грамотасымен марапатталған, «ABU TV song» халықаралық фестивалінің қатысушысы.
Димаш – менің сүйікті әншім. Мен де ер жеткенде Димаш ағама ұқсап, танымал әнші болуды армандаймын.