4-тапсырма «Жақсы болу – парызым» тақырыбында эссе жазыңдар. Жоба тапсырмасы Әрбір адамды оның келешегі қызықтыратыны сөзсіз. Ал келешегіңнің жарқын, ашық болуы тек өзіңе байланысты. Сондықтан жобадағы алғашқы қадамың «Мен қандай адам болғым келеді?» деген сұраққа жауап іздеу. Мұны түсіну үшін өзіңе сұрақтар қойғаның жөн. • Менің қалауым не? • Мен нені жақсы көремін? • Мені не қызықтырады )
Жақсы болу - парызым.
Ата – ана - бізге жарық дүние сыйлаған, бізді бағып – қағып өсірген, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қатарға қосып, ешкімнен кем қылмай, бойымызға ізгі тәлім – тәрбие дарытқан асыл жандар. Осы өмірдегі ең жақын адамдарымыздан біз бойымызға бар жақсылықты сіңіреміз.
Дәстүрлі қазақ отбасында ата –ананы ерекше құрметтеп, қадірлейді. Ата – ананың айтқан ақылына құлақ асып, сыйлау – әрбір баланың парызы деп есептеймін. Ата – анамыз бізге бар білгенін үйретіп, жамандықтан аулақ болуға, керісінше жақсылық жасауға, жаны жайсаң адамдармен дос болуға үйретеді. Қанша дегенмен, үлкен кісілердің өмірден көрген – білгендері, тәжірибесі көп. Сондықтан, ол кісілермен ақылдасып, айтқан өсиеттеріне құлақ асу абзал деп есептеймін.