4 тоқсан Бөлім бойынша жиынтық бағалау. «Қазақстандағы ұлттар достығы.», «Ұлы дала табиғаты» .
Орындау уақыты 15-20 минут .
1-тапсырма.Оқылым .Мәтінді мұқият тыңдап,мәтіндегі ақпаратты ретімен орналастыр
Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады.Қазақстанда барлық ұлттар тату-тәтті өмір сүріп жатыр.Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алды. Олардың қазақ жеріне қоныстанып, өмір сүруіне жағдай жасады.Қазақстан-түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. Қазақ халқы тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен бауырына басты. Олардың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде барлық ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың ,ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбітшілік мекені болуы керектігін міндет етіп қойды.
№ Ақпарат 1,2,3
1 . Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде барлық ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір сүріп келеді.
2 Олардың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасады.
3 Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алды
2-тапсырма.Оқылым. Жазылым.Мәтінді мұқият оқып «Ән» сөзіне диаграмма жаса
Ән- халықтың мұрасы. Ән –халық өмірінің айнасы. Ән- өнер.Әр адамның көңіл күйі, қуанышы, сезімі. Қазақ халқы - ән сүйгіш халық. Күнделікті өмірде де, тойда да қазақтар үнемі ән айтады. Маған қазақ әндері ұнайды. Менің ұлтым - украин, анам - орыс, әжем - қазақ. Біз мерекелерде отбасымызбен “Атамекен” әнін айтамыз. “Атамекен” әнін халық жақсы көреді. Алғашқы рет бұл әнді 1970 жылы Ескендір Хасаналиев Швецияда орындады. Барлық мемлекеттік мерекелерде осы әнді орындайды.
.
3-тапсырма. кестедегі тірек сөздер мен иллюстрацияларды қолданып, «Қазақстанның табиғаты» тақырыбы бойынша мәтін құрастыр.
Қазақстанның табиғаты
не? қандай? не істейді?
таулар биік, қарлы сән береді
өзендер таза, терең, ұзын нәр береді
көлдер терең, тұнық жануарлар мен құстардың отаны болады
ормандар қалың, тыныш жеміс-жидектер мен жануарлардың отаны болады
Демалыс орындары керемет, таңғажайып демалады
Дескриптор
№ Бағалау критерий дескриптор
1 Мәтінді мұқият тыңдап, мәтіндегі ақпаратты ретімен орналастыру Мәтінді мұқият тыңдап,мәтіндегі ақпаратты ретімен орналастырады.
2 Мәтінді мұқият оқып «Ән» сөзіне диаграмма жасау Мәтінді мұқият оқып «Ән» сөзіне диаграмма жасайды
3 1 .Иллюстрациядағы детальдардың атауын біледі.
2. Иллюстрацияға тақырып қойып, сипаттап 6-7 сөйлеммен айтады.
3.Иллюстрацияларды сипаттау барысында таблицадағы тірек сөздерді орынды қолданады
Иллюстрациядағы детальдардың атауын жазады
6-7 сөйлемнен тұратын мәтін құрайды
Мәтінге ат қойып, жазу сауаттылығын ескереді
Барлығы
Відповідь мені тож надо
Пояснення: