4 тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар. « Ұлы дала табиғаты » бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 5.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру 5.5.1.5.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут 1-тапсырма Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен. Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды қолмен әдейілеп қалағандай көрінеді. Қарағайлар мен шыршалар оқжетпестің тастарына қадалып өскен. Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты. Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынп жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек. ( 168 сөз ) 1. Баланы қай жерде дүниеге келген? [ 1ұпай ] 2. Батыр қалай суреттелген? [ 1ұпай ] 3. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбы бола алады? А) Ел іші – алтын бесік. В) Туған жер – алтын бесік. С) Айлалы батыр алдырмас. Д) Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі. [ 1ұпай ] 4. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. А) Ер В) Демалу С) Дұшпан [ 1 ұпай ] 5. Берілген сөйлемдердегі болымды етістіктерді болымсыз етістікке айналдыр. [3 ұпай]
1.Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады.
2. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді.
3.Батырдың күші азайып, әл- дәрмені таусылады.
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор
Білім алушы Мазмұнға бағытталған 1 сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1
1 1 сұрақтарға жауап сөйлеммен жауап берсе ; Береді
1-сөйлем
Сұраққа толық жауап берсе 2 сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап берсе 1 Дұрыс мақал мәтелді тапса 3 Дұрыс тадбылған мақал мәтелге 1 Синоним табады 4 Барлық сөздің синонимін тапса 1 Болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырады 5 Барлығы 3 сөйлем 3 Жалпы
Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған. Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп. Оның барлығы әр адамды жоғары саналылыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізгілік пен білімділікке баурайды. Наурыз мерекесін асыға күтетініміз, ерекше даярланатынымыз содан болса керек.Наурыз мерекесіне тән — көпшілікке наурыз көже даярланады, ол тағам жеті түрлі дәмнен даярлануы шарт. Халықта наурыз көжені тойып ішкен адам келесі жылға дейін ішім-жемнен тарлық көрмейді деген ұғым бар. Үй иесі үлкен кісілерден наурыз көжеге бата сұрайды. Ол кісілер: «Пәле-жала жерге енсін! Төрт түлік ақты болсын! Өрісің малға,үйің жанға толсын! Ақ мол болсын!» деп бата беріледі.
Су - тіршілік көзі. Өмір осы мөлдір сұйықтыққа байланысты. Алайда, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері туралы көпшілік біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру үшін немесе тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланылмайды. Сіздің артықшылықтары мен емдік қасиеттері туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жылдан бері судың қасиеттерін зерттеп келеді. Ол ыдысқа тазартылған су құйды, сонда адамдар суға шығып, махаббат, періште, рахмет және бейбітшілік сияқты жылы сөздерді айтады. Ғалым бұл суды тоңдырып, суретке түсіргенде, ол кристалдар керемет әдемі және үйлесімді болып шыққанын байқады. Ол суға «ашу», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздерді айтқан кезде, ол кристалдардың мүлдем басқа, хаотикалық, түсініксіз, қара балшық болып шыққанын көрді. Сонымен, жапон ғалымы су біздің барлық эмоцияларымызды, сезімдерімізді, сөздерімізді, дұғаларымызды және музыкамызды қабылдайтынын дәлелдеді.-толық ақпарат
Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.- қосымша ақпарат

Объяснение:
Су - тіршілік көзі -Негізгі ақпарат

Мен дұрыс түсіндім деп үміттенемін!?