Күй өнері – халқымыздың рухани құндылығының маңызды бір саласы. Ол ұлтымыздың байырғы және бүгінгі мәдениетімен тығыз байланысқан. Күй жанрының өнердің басқа саласынан ең басты айырмашылығы – а ауызбен айтып, бояумен бейнелеп бере алмайтын табиғаттың тылсым сыры мен сұлулығын музыка ырғағымен жеткізе білуінде. Халқымыздың арасында атамзаманнан бері ауыздан-ауызға таралып бізге жеткен “Ақсақ құлан - Жошы хан” аңызы осы сөзіміздің айқын дәлелі.