Қыстың алғашқы күні, яғни, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны ерекше. Бүгінде әлем мойындаған тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.
КСРО күйреген шақта жеріміздің тұтастығын сақтап, ел іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, достық пен сыйластықты ту етіп, тәуелсіздігі тұғырлы, жасампаз Қазақстан мемлекетін құрды. Күрмеуі қиын шақтарда өзіне сенім артқан жұртын берекелі бірлік пен өркениетке бастап, Қазақстанды дамыған әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Президенттің халық үшін еткен қызметі ерен. Қазіргі кезде есімі елімен қатар аталып, алыс-жақын мемлекеттерде мәртебесі тасыған Тұңғыш Президентіміздің күнін атап өту әрбір қазақстандық үшін мерейлі мереке екені анық.
Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара өтті. Онда облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ сөз сөйлеп, залға жиналған қауымды мерейлі мерекемен құттықтады. Өз құттықтауында өңір басшысы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасын құрып, оны дамытудағы, бүкіл әлемге танытудағы ролін ерекше толғаныспен баяндады.
– Мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындаған болашақтың бағдарламасы ретінде Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жарық көріп, онда Президент алдымызға дамыған отыз елдің қатарына ену міндетін қойды. Осы мақсатқа жетудің жолы ретінде алдағы жоспарымызды жуырда ғана жариялаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында атап айтты. Жолдауда дүниежүзілік дағдарыстың салдары көрсетіліп, жаңа экономикалық саясаттың басымдықтары анықталды.
«Нұрлы Жол» – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты бағдарлама. Елбасы Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясын тағы да шегелеп айтты. Қазақстан – Мәңгілік Елдің Отаны. Жастар арасында осы ұлы идеяны қалыптастырып, Мәңгілік Ел ұғымын қоғамның қозғаушы күшіне айналдыруға тиіспіз, – деген облыс әкімі Президенттің сарабдал саясаты арқасында еліміз еш қиындықтан сүрінбей шыққандығын, сондай-ақ, әлемдік аренадағы беделінің зор екенін де атап өтті.
«Ең алғаш Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға бастамашы болған да – Елбасы. Бұдан басқа Кеден Одағы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың дүниеге келуіне де қазақ елінің көшбасшысы себепші болды.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті. Сонымен бірге, біз Ислам ынтымақтастық ұйымына үлкен абыроймен басшылық жасадық. Мұның барлығы Елбасының халықаралық аренадағы биік беделін көрсетеді. Біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жерлестері екенімізді мақтан тұтамыз. Және бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді», – деген Амандық Баталов маңызы зор мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен қайталай құттықтап, әрдайым болашағымыздың жарқын бола беруіне ізгі ниетін білдірді.
Мерекелік жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ардақ Сыдық, Көксу ауданындағы Б. Құндақбаев атындағы мектептің мұғалімі Л. Хамзина, І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің түлегі Д. Дигай құттықтау сөз сөйлеп, Елбасының ерен еңбегі жайында тұщымды ойларымен бөлісті.
Салтанатты жиын Сүйінбай атындағы облыс-тық филармонияның концертімен жарасымды жалғасын тапты.
Ел тірегі Елбасы
Объяснение:

1. Қыпшақ Сейітқұл кім?
Қыпшақ Сейітқұл есімі аңызға айналған егінші.
2.Сейітқұл қандай әрекет жасайды?
Өз халқына қолайлы жер іздейді, егіншілікпен айналысады
3.Сыртқы жаулардан қорғану үшін қандай шаралар қолданады?
Судың бір қолайлы жеріне шамнан биік қорған қойдырады, шыңдауыл жүргізеді.
4.Сейітқұлдың ағасының тағдыры туралы не білдіңдер. Ол ұрлықшы болған.
Қыпшақ Сейітқұл неліктен жұртына жайлы мекен іздейді? Өйткені оның халқы кедей болды, сондықтан ол жұртына қолайлы жер іздейді.
Қандай себептермен қабырға өзенінің бойын таңдайды? Ол жер егін егуге жақсы болды.
Сейітқұлдың елі жақсы өмірге қалай қол жеткізді?
Еңбек етудің арқасында!