В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
prettypushkova
prettypushkova
17.04.2021 00:48 •  Қазақ тiлi

[5] 1. «Күш-атасы Қажымұхан» Өз ойыңызды жазыңыз. 80-100сөз

Показать ответ
Ответ:
deniskim01
deniskim01
12.05.2021 19:40

Балуан Қажымұқанның бойындағы ерекше қасиеттер жөнінде не айтуға болар еді? – Қажымұқан атамызды тек қара күштің иесі деп тануға болмайды. Әлемдік күрес аренасында өнер көрсеткен кәсіпқой спортшы даңқына бөленумен қатар, домбыра шертіп, ән салып, ақын, сері атанған. Әңгіме арасында шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді қолданып сөйлеген. Қажымұқан атамыздың бойындағы ең тамаша қасиеттерінің бірі – қолының ашықтығы мен көпшілдігі. Ақсақал қарияларымыздың айтуы бойынша, көріпкелдік қасиетімен де ел-жұрттың ризашылығын алған. Бір сөзбен айтқанда, қазақтың сегіз қырлы, бір сырлы азаматы болған. – Атаның жолын қуып жүрген ұрпақтары бар ма? – Қажымұқан атамыздың ұрпағының тамыры тереңге жайылған. Күш атасы Қажымұқанның қасиетін барлық ұрпақтарының бойынан кезіктіре алмайсың. Ізбасарларынан өнер жолында жүрген немересі Бақытжан Қажымұқанов – сазгер, әнші. Үлкен сахналардан көрініп, елге танылып жүрген азамат. Спорт саласында қызмет ететін немересі Шаттық Қажымұқанов – каратэден халықаралық спорт шебері. Шаттық Шымкент қаласында шәкірт тәрбиелеп, жастарды спортқа үйретіп, бапкер қызметін атқаруда. – Цирк алаңында көрсеткен трюктері жөнінде айтып өтсеңіз... – Қажымұқан атамыз заманындағы цирк өнерінің бірнеше түрін меңгерген. Халық алдында өнерлерін көрсеткенде бірінен-бірі озық сахналық көріністерді көрсеткен. Америка елінде орыс балуаны Иван Зайкин шаршап тұрса да «тірі көпір» трюгін көрсетуді талап етеді. Ақша үшін цирк қожалары не істемейді дейсіз? Орыс балуаны көпір жасап, үстінен адам толы үш жүк машинасын бірінің үстінен бірін өткізіп жатқанда қайтыс болады. Қайталанбас трюктердің бірі орыс балуаны жасаған «Тірі көпір» трюгін қайталаған – тек Қажымұқан. Осы трюкті қайтыс болған досы Иван Поддубныйдың құрметіне есімін атап тұрып орындайды. Қажымұқан атамыз үшін үстінен машина өткізу, тастарды көтеру үйреншікті іс болған. Германияның бір қаласында жарыс болып жатқан кезде Қажымұқан атамыз өзгелердің қолынан келмейтін ерекше цирк өнерін көрсетеді. Әріптестерімен ақылдаса отырып, шығыс үлгісіндегі киімді киіп, үлкен түйенің үстіне мініп, аренаға шығады. Аренаны бір айналғаннан кейін ортаға келіп тоқтап, түйеден түседі. Мінген түйесін желкесіне көтерген күйі сахнадан шығып кетеді. Осындай таңғаларлықтай өнерлері болған. Тағы бірде орыс балуанымен таласып қалғанда, «аттың тізгінін ұстау балуандыққа жатпайды, мен екі аттың жалынан ұстап, екеуін екі жаққа қаратып, құйрықтарымен тақастырып отырғыза аламын» деген екен. Осыған цирк төрешілері келіскен. Егер аттың құйрығы жұлынып кетсе, Қажымұқан атамыздың өзі жауапты болған. Өйткені аттың жалы өте қымбат тұрған. Қажымұқан атамыз жас шағында Петербор қаласында Иван Поддубныймен бірге оқып, күрес тәсілдерін үйренеді. Поддубный бір курс жоғары оқығандықтан демалыс күндеріне қарамай, досының қатарластарымен бірге бітіремін деп спорт залына келіп, гир тастарды көтеріп, тағы басқа жаттығулармен жаттығады. Петербор – мәдениеті өркендеген қала, демалыс күндері ешкім мектепке аяқ баспайды. Бір күні мектеп директоры Қажымұқан атамыздың үстінен: «Қап-қара қара темірдей болып, бүгін демалыс күні деп түсіндірсем де, сөзіме құлақ аспай, есіктің құлпын жұлып, мені көтеріп алып, спорт залының ішіндегі тастарды ары-бері домалатты. Тыйым салсам, дауыс көтереді. Ақырған дауысын естіген сайын жүрегім тас төбеме шықты.Тастарды көтеріп жүгіргенде көз ілестірмейді» деп арызданады. – Әжесі Айсараның басына орнатқан тасы туралы не білесіз? – 2003-2004 жылдары Астанадан ағайын туыстарымыз хабарласып, кө­не­нің көзіндей ақсақал аталарымыз келген. Қа­жымұқан атамыздың кесенесін, үйін көріп кетті. Сол кезде Қажымұқанның әжесінің зираты табылғанын, басына қойылған тасы Самар­қаннан әкелінгенін, Құран аяттарымен нақышталғанын айтқан. «Сәті түссе, келіп көріңдер» деп бізді шақырды. Бірақ барып көзбен көрген жоқпыз, естуіміз бар. – Өскелең ұрпақ Қажымұқан Мұңайт­пас­ұлын терең білуі үшін қандай іс-шаралар қолға алынуда? – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінде Қажымұқан атындағы үлкен бас орталық көше, стадион мен мұражай бар. Сонымен қатар Шымкент қаласындағы стадионға да атамыздың есімі берілген. «Зерделі» ауылын Қажымұқанның жүз отыз жылдық мерейтойына орай «Қажымұқан» ауылы деп өзгертті. Іске асып жатқан шаралардан жыл сайын ауылымыздың дәстүріне айналған Қажымұқан атамыздың атында күрестен жарыс өтеді. Бұл салмақ дәрежесіндегі палуандар күресі түйе палуандар күресіне жалғасады. – Ал өзіңіз қандай бастамалар көтеріп жүрсіз? – Еліміздің көптеген спорт майталмандары Олимпиада жарыстарына аттанарда Қажымұқан атамыздың кесенесіне келіп, Құран бағыштап, рухани күш алып, жеңіспен оралсақ деп тілек тілейді. Ұрпағы ретінде Қажымұқанның Нұрлан есімді немересімен бірге атамызға қор ашуды жоспарлаудамыз. Кесенесінің қабырғалары қисайып ескірген, заман талабына сәйкес келмейді. Дүниежүзінің бас балуаны бол­ғандықтан, аты затына сай жаңа кесене тұрғызсақ деген де ойымыз бар.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота