а адепти мейримди жаксы болуы керек. Адепти болу ар адамда болуы керек.Ал адемиликти сыртынан карап адеми екен деп айтады. Бирак олардын ишки сулулыгы таза болмауы мумкун.Адамнын сырткы сулулыгына карамай ишки сулулыгына карау керек. Иши сулуга журек кызыгады, Сырты сулуга коз кызыгады. Әдептілік арабша «Адаб», зауқ дегенді білдіреді. Ислам діні бойынша әдеп үш түрге бөлінеді. Олар:1. Аллаһ Тағаладан болған әдеп.2. Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) болған әдеп.3. Адамдармен болған әдеп.Адамдармен әдеп ең бірінші отбасында қалып- тасып, орнығады. Бұл Сіздің ата-анаңызға көрсететін әдебіңіз. Адамдар әке-шешесінен кейін әйелге әдеп-тілік танытуға тиісті. Мұнан кейін көшеде, қонақта, жұмыста, қоғамдық орындарда әдептілік сақтауға тиісті. СәлемдесуЕкі мұсылман бір-бірімен кездескенде міндетті түрде сәлемдесуге тиіс. Олар араз ба, тату ма, ол маңызды емес. Себебі сәлемдесу – Пайғамбарымыздан қалған сүннат. Ал енді сәлем бергенде оны естіген екін- ші мұсылман ризашылық-пен қабыл алып, сәлемге сәлеммен жауап қайтарады. Бұл – шариғатта «фарз айнға» жатады. Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Ара-ларыңа сәлемді жайыңдар» - деп сәлемдесудің мұсыл-мандық міндет екенін өсиет етіп айтып кеткен. Егер де біз сезімізге берілген сәлемге сәлеммен жауап қайтармасақ, онда оған дұшпандық, өшпенділік танытқандай, жамандық ойлағандай оны күдікті жағдайға қалдырамыз. Сәлемдесудің абзал түрі:«Әссәләму аләйкум уа рахматуллаһи уа бәрәкәтуһ».Оған қайтарылатын жауап:«Уа алейкумүс сәләм уа рахматуллаһ уа бәрәкәтуһ».Таныстарға сәлем беріп, сәлемге жауап алғанда екі арадағы татулық, ынтымақ нығайып, сыйластық артады. Ол адам жөнінде күдікті, жаман ойларға бармайсың. Сәлемдесу – Расулуллаһтың (с.ғ.с.) сүннаті. Қазақ дәстүрінде бірнеше сәлемдесі дәстүрі бар. Алайда олардың бәрінде де жасы кішілер бірінші болып сәлем береді. Әдетте сәлемдескенде қол алысады. Онда адамдар алақандарын бір-біріне түйістіріп ұстайды. Ол – «мусафих» деп аталады. Қол алысқанда саусақтың ұшын беріп сәлемдесу - әдепсіздік. Жасы үлкен, кіші болсын, көп адам жиналған жерге келген кісі ең бірінші көпшілікпен сәлемдеседі. Сырқат, мүгедек жанға сау адам ең бірінші сәлем бергені абзал.Әйелге ер адам, басты-ғына қызметкері, жастар үлкенге ең бірінші сәлем береді. Амандасқанда біреуге басыңызды иіп, иығыңызды қозғап, қолыңызды көтеріп, көзіңізді қысып, ерсі әре- кет жасамаңыз. Егер де сә-лем берген кісіңіздің құла-ғы естімесе, оған сәлемі- ңізді ымдап түсіндіруіңізге болады.Сәлем беруде берік ұстанатын қағидалар:1. Танысын, танымасын жасы кіші адам үлкенге сәлем бермей өтпейді.2. Ат үстінде тұрып сәлем бермейді.3. Атты адам жаяуға бірінші сәлем береді. 4. Танитын адамдармен сәлемдеспей, немесе сәлемін алмай өтпейді. 5. Келе жатқан адам отырған адамға сәлем береді.6. Әкесінің, шешесінің көзін көргендерге айрықша сәлем беріп, құрмет көрсетеді, батасын алады. 7. Кешке не түнде үйге кірген адам: «Кеш жарық!» деп сәлемдеседі. Қандай жағдайда сә-лемдесуге тиым салынады?1. Әжетханада отырғанда.2. Ер мен әйел жұпта-сып жатқанда (Байқамай, кездейсоқ үстеріне кіріп барсаңыз).3. Ұйықтап жатқан кісіге.4. Моншаға түскенде.5. Аузыңызда ас шайнап отырғаныңызда.6. Дұға оқып отырған кісіге.7. Азан айтып тұрғанда.8. Құран Кәрімді оқып отырғанда.9. Намаз үстінде.10. Тілек айтылып, бата беріліп жатқанда
Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп — 1961 жылы 29 сәуірде Қызылорда облысы Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған.
Әкесі - Жүсіпов Байтілес (1918-1985). Анасы - Байділдәқызы Рабиға (1925 жылы туған), зейнеткер, батыр ана, күріш өсіруші болған.
Нұртөре Байтілесұлы (1984) жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолының алғашқы баспалдағы Павлодар облыстық қазіргі Сары арқа самалы бұрынғы Қызыл ту газетінің агроөндірістік бөлімінің тілшілігімен басталды. Осы газетте Көлік және коммуникация бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.
(1990-1996) жылдар аралығында Республикалық Егемен Қазақстан газетінің Экономика бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары болды. (1996) жылдың мамыр айынан бастап (2002) жылдың сәуір айына дейін республикалық Жас Алаш газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Нұртөре Жүсіп басшылық еткен осы кезең ішінде газет Алтын жұлдыз-2000 сыйлығына ие болды.
Нұртөре Жүсіп Ақ жол Қазақстан, Астана хабары газеттерінің бас редакторы, Егемен Қазақстан республикалық газетінің бас директоры болды. (2008) жылдан бері республикалық Айқын газетінің директоры-бас редактор.
Нұртөре Жүсіп Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің, ҚР жазушылар одағының, Журналистер одағының мүшесі, Президент сыйлығының және Қазақстан журналистер одағының, Б. Бұлқышев, С. Садуақасов атындағы сыйлықтардың иегері.
ҚР Журналистер академиясының және Гуманитарлық Академияның мүшесі. Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақ журналистикасының қайраткері атақтары бар. (Халықаралық ПЕН-клубтың вице-президенті), (Қазақстан МЕДИА-АЛЬЯНС ұйымы) төрағасының бірінші орынбасары. Қазақстан Президенті жанындағы Рухани жаңғыру жөніндегі Ұлттық комиссияның және Мемлекеттік рәміздер жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Қазақстан Үкіметі жанындағы Онамастика жөніндегі республикалық комиссияның, "Нұр Отан"партиясы Алматы қалалық филиалы Қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Құрмет орденімен (2009); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2000) медальдарымен, "Тіл жанашыры" төсбелгісімен марапатталған. (2014) жылы "Халықтың сүйіктісі" атты республикалық конкурстың "Ең өткір публицист" номинациясының жеңімпазы. Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Құрметті азаматы.