5.165. Алғашында саяжайға бөлінген жер телімі шартты түрінде бол- ды. Кейінірек бұл жер теліміне тағы да ені 10 мм болатын тік төртбұрышты
жер телімі қосылып, үлкейтілген жер телімін үш орамамен қоршап шығу
үшін 420 м сым темір қажет болды. Бастапқы белінген жер телімінің
өлшемі қандай еді?
Көмектестім деп ойлаймын!?
Қазақ тілі-түркі тілінің ішіндегі ең тұнық ерекше таза тіл.Қазақ өзі тілге шешен,мақалдап сөйлейтініде рас,сөз тауып кететін тапқырлығыда,қазақ тілінің ерекше тіл екендігінің айғағы.Махмұт Қашқари:Ең тұнық,тура тіл-парсылармен араласпайтын,басқа елдерге барып келмейтін,жалғыз бір тілді білетін адамдардың тілі,-дегендей қазақ тіліде өзге тілден сөз алмады десек жалған болар.Қазақ тіліне басқа елдің сөздері кірген,бірақ қазақтардың бір ерекшелігі,кірме сөздерді қазақыландырып жіберген.Кірме сөздер қазақ тілімен үндесіп,заңына бағынып,қазақ тілі қорына бірігіп қосылып кеткен.Қазақ тілі-кең байтақ дала тілі.Қазақтың тілі-Түркі тілінің түпкі түрін сақтап қалған тіл,қазақ тілі сонысыменде ерекше.Ежелден қазақтар бар өнерін,мәдениетін,дүние-танымын ұрпақтан ұрпаққа,аталы сөздермен,мақал-мәтелмен,қара өлеңмен,жырлармен ауызша жеткізіп отырған.Қазақтар арасында сөз өнері дамып,жетіліп шешендік өнер пайда болған.Шешендік өнер - сөз өнерінің ең биік шыңы іспетті.Шешендік өнермен қоса жыраулық өнер қоса дамыды.Сөз өнері дамыған сайын сөз қадірін түсінетін,аталы сөзге тоқтайтын ұрпақ тәрбиеленіп шыққан.Қазақ тілінің күшті әрі құдыретті екенін өзге елдің өз тілдеріне қазақ тілінен сөздер алып,өз тілдерін байытып жатқанынан көруге болады.Сөз соңын В.Радловтың:Қазақтың тілі әуездіде әсем,шеберде шешен.Әсіресе сөз сайысына келгенде олардың алғырлығы мен өткірлігі,тауып сөйлейтін тапқырлығы таңқалдырады.Олар мақалдап сөйлейді,жәй сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады,- деген пікірімен аяқтаймын.Қазақ болып туылып,қазақ тілінде сөйлейтінімді мақтан тұтамын.