5. а) Диалогті тыңда және оқы. Қандай таныс сөздерді естідің? Атап бер. Не туралы екенін айт.
Суретшілер көрмесінде
Жүргізуші: Қадірлі достар! Біз көрмеде тұрмыз. Жас су-
ретшілер «Туған ел» тақырыбына
қандай сурет салды екен? Өздері-
Анашым, мен бірінші
орын алдым!
нен сұрайық!
Фарида: Менің есімім – Фарида.
Мен Шымкентте тұрамын. Мен
Шымкенттің суретін салдым.
Расул: Менің есімім – Расул. Мен
Оралда тұрамын. Біздің аймақта
жазық дала көп. Онда әртүрлі гүл-
дер өседі. Менің суретімде гүлдер бейнеленді.
Медет: Менің атым — Медет. Мен Бурабай тауын бейне-
ледім. Таудың басында ту ұстаған баланың суретін салдым.
Жүргізуші: Бірінші орынды кім алды?..
-Тағы да біз металл және металл еместерді көріп тұрмыз, бұл жиынтықты бізге археолог әйел сыйлаған болатын.
-Жомарт әйел, оған рахмет
-Енді біз тау-кен техникумының қайнар көзі болып табылатын директорлардың суреттерін тамашалаймыз.
-Ең ұзақ уақыт аралығында директор болған кім?
-Куценко, енді біздің мұғалімдеріміздің суреттерін қараймыз
-Міне Әлия Бейсенбаева, әне Сәуле Ибраевна, әлі тым жас , ал біздің куратор Андрей Серикович қайда?
-Оның жұмыс істеп жүргеніне тек 2 жыл болды, сондықтан біз оның суретін қоймадық. Сізге ұнады ма?
-Иә, өте
Мәңгілік ел – бабалар арманыМәңгілік ел болу, тарих жадында мәңгілікке қалу бұл кез келген елдің, ұлттың арманы.
Арғы атамыз Көк түріктер де осы арманның бесігінде тербелген. Сол жолда күресті, алысты, жығылды, қайта тұрды. Көк тасқа бәдіздеп елдің арманын түсірді. Күлде жатқан елді күнге көтеріп, терезесін өзгемен тең етті. Елдің өспей, өркендемей жатып, өшпеуін ойлады. Мейманасы тасқан мәңгілік ел болуға ұмтылды. Кешегі ұлы қағанат құрған ұлы хан Шыңғыстың да көкейінде осы ой өріліп жатқаны хақ. Ақиқаты сол, жұмыр жердің бетіндегі кез келген жұрттың асыл арманы, көздеген межесі – ошақ оты маздаған, түтіні түзу шыққан мемлекет болу. Бізде осы арманға қол жеткізуге тырысып жатырмыз. Мемлекеттің стратегиялық бағдарламасы да сол арманды меже етіп алған. «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік ел – жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы... Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел! Мен Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары