Скопируйте нужную вам часть: Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер. Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында. Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті. Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.
Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.
Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.
1.Баты-тілі көркем ізгі тілек түрінде айтылатын қысқа әрі мәні терең сөз
2.Батаның түрлері бар. Ас батасы асты үстелге әкелгенде немесе ас ішіп болған
соң берілетін бата. Ас батасы тамақ ішкен сайын беріледі. Рамазан батасы үш күнгі
ораза айтта айтылатын ізгі тілек, жақсы ниет. Жол батасы ұзақ жолға шыққанда
беріледі. Жолға шығарда үй иесі көршілерге, туыстарға тамақ беріп, үлкен ақсақалдан
бата алады. Тілек-бата үлкендер жастарға риза болғанда, реті келген жерде қолын
жайып беретін батаның түрі.
3.«Бата адамға күш береді, жолын аша-
ды, жаман күштерден сақтайды» деп сенген.
4.
Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.
Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.
Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті.
Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.
Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.
Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.