В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Незнайка1652
Незнайка1652
21.04.2022 08:23 •  Қазақ тiлi

5 эссе жазып берсеніздер


5 эссе жазып берсеніздер

Показать ответ
Ответ:
zajigalka2001
zajigalka2001
11.09.2021 06:52

Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған.[1]

Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Ястеб22
Ястеб22
27.01.2022 12:16
Ңжер-анаға деген ықыласы ерекше. топырақтан жаралған болмысымыздан ба әлде аталарымыздың жер үшін аянбай күресе білгендігінен бе, білмеймін, қазақ үшін жер мен ел ұғымы егіз. әлем картасында жерінің үлкендігі жағынан тоғызыншы орынды иемдеген отанымыз бар. алайда басында баспанасы мен өзіне тиесілі бір телім жері жоқ қандастарымыздың толып жүргенін қалай түсіндіреміз? өзінің меншікті жері жоқ , ерім деп еркелетпеген еліне қорған бола ала ма? әр жерде иесі бар деп қоршалып, қорғалған, бірақ бір түп ағаш егілмей, бір лашық салынбай созылып жатқан жерлер бар. ол жерлерді өзі алмай, өзгеге де бермейтіндердің не ойлағаны бар? жер күтіп, баптағанды, топырағын шаң қылып бүлдіршіндердің жүгіргенін, әйтеуір тірі ға қалқан болуды қалайды. ал қоқысқа толып, тынысы тарылған, егілмей жетімге айналған жер де ауа жұта алмай қиналған бірдей. бірде бір қоқысқа толып, әбден азып-тозған жерін сатуды жөн көреді. сатып алушы жерді қоқыстан тазалап жүріп, бұлақтың көзін тауып алады. әртүрлі жүзім, анар, алма ағаштарын егіп, басына үй салады. уақыт өте   сол маңнан жердің бұрынғы иесі өтіп бара жатып, жайқалған бақты көріп, мен қандай жерден айырылып қалғанмын деп өкініпті - дейді аңыздарда. жер баптағанға, күте білгенге азық, бағалай білгенге баспана, аялай білгенге сая бола алады. бірақ оның қадірін түсіне білу үшін де жерге жете алмай тіршілігі мұңға айналған бауырларымыздың күйін бастан өткізу керек пе? бізге жер беріңдер деп ашынған қазақтардың жанайқайы жылда естілетін жырға айналып барады. кезінде «шаңырақ», «бақай» деп бір дүрліккен қазақтың жылауы неге қайталана береді? еңбекпен тапсын, жерді сатып алсын дейді біреулер. ал біреулер неге өз ауылында отырмайды, қалада нелері бар деп сөгері анық. мүмкін біреулер ауылдағы жеріне егін ексін, соны өсіріп, азық қылсын деп ақыл айтар. бірақ кімнің жақсы өмір сүргісі келмейді дейсін. қала маңына шоғырланып жинала бастаған жандардың болашағым- қалада оқысын, тіршілік жасап, отбасымды асырайын деп ниеттенгендері анық. кеше ғана жер беріңдер деп бейбіт мақсатта жиылған топтың өз бауырымыз, өз қандастарымыз екенін естен шығармайық. қалай десек те бұл мәселені шешудің жолдарын іздеу керек. өз елім өзекке теппес деп шырылдаған олардың жанайқайын бүгін естімесек, ертең ар алдында да, алла алдында да жауап беретінімізді ұмытпаған жөн шығар.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота