В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Liza16052006
Liza16052006
03.10.2020 21:39 •  Қазақ тiлi

5 класс Бірде Ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.— Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.- Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай әрі іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.

Показать ответ
Ответ:
rsharapov
rsharapov
25.01.2023 00:11
Домбыра
Домбыра — қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
valeryahasko070
valeryahasko070
12.06.2020 12:37
Арыстан[өңдеу]Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәліметАрыстан
(P. tigris tigris)Амандық күйі
Жойылу қаупіндегілер (IUCN)Ғылыми топтастыруыДүниесі:Жануарлар
Табы:Сүтқоректілер
Сабы:Жыртқыштар
Тұқымдасы:Мысықтәрізділер
Тегі:Panthera
Түрі:Felidae
Екі-есімді атауыPanthera tigris
(Linnaeus, 1758)

Арыстан (лат. Panthera leo) – жыртқыш сүтқоректілер түрінің мысық тектес тұқымының (Felidae) қатарына кіретін,үлкен мысықтар тұқым тармағына (Pantherinae) жататын төрт пантер (Panthera) тұқымының бірі[1]. Жолбарыспен қатар қазіргі мысық тектес аңдардың ең ірісі және кейбір еркектерінің салмағы 250кг-нан асады[2]. Арыстандардың ең ірі түрлері жолбарыстардың ең ірі түрлерінен үлкен не кіші деп нақты айту қиын. Амур жолбарыстарының тарихи салмақтарының өте үлкен екендігі де нақты емес[3]. Ең ірі арыстан түрлері(мысалы барбариялық) туралы мәлімет тарихта және ғылымда жоқ. Ал қолда өскен арыстандарды алатын болсақ,олар әртүрлі тұқым түрлерімен жиі шатысып жатады. Қолда өскен арыстандар жолбарыстардан өлшемі мен салмағы көбірек болады деген пікір бар, дәл сондай оған қарсы пікір де жоқ емес.

Арыстандардың тарихи мекен ету аймағы қазіргіден әлдеқайда кеңірек болған: ерте орта ғасырда арыстан Африканың шөлді далалары мен тропикалық ормандарынан басқа барлық жерінде бар еді, сонымен қоса Таяу Шығыс, Иран,т іпті кейбір Оңтүстік Еуропада (мысалы, қазіргі Ресейдің оңтүстігінде,45-інші солтүстік параллель бойымен көтеріле бере, мекен еткен) да кездесетін. Солтүстік және Солтүстік-Батыс Үндістанда арыстан әдеттегі жыртқыш болатын. Алайда адамдардың арыстандардың артына түсуі және мекен ету аймағының құртылуы арыстандардың Африкада тек Сахараның Оңтүстігі тарапында ғана сақталуына әкеліп соқты, қазір олардың мекен ету аймағы қатты қысқарды. Азияда кішкене популяция (бірлестік) Гир орманында бар (Гуджарат үнді штатында).

Кейінгі плейстоценге дейін, шамамен 10 000 жыл бұрын, арыстандар сүтқоректілер ішінде саны бойынша жер бетінде адамдардан кейінгі екінші орынды алатын [5]. Олардың қазба қалдықтары Африканың көп бөлігінде, Еуразия территориясында, Батыс Еуропадан Үндістан ға дейін және Солтүстік Америкада Юконнан Перуге дейінгі аймақтарда табылған[6]. Үңгір жазуларымен танымал еуропалық үңгір арыстаны қазіргі арыстанның тұқымдас түрі болса керек. Арыстандардың сыртқы көрінісі әртүрлі. Олар жыныстық диформизм анық байқалатын сирек жыртқыштардың бірі. Еркектері ұрғашыларынан үлкен болып қана қоймай, сонымен қатар кейбір тұқымдарда едәуір дамып иықтарын, арқасының кейбір жерлерін және кеудесін жауып тұратын жалдары да болады. Түсінде сары-сұр түстердің түрлі реңктері болады,жалы әдетте терімен бір түстес болады, бірақ қанық тіпті қара да болуы мүмкін. Арыстандардың түрлері көп жағдайда жалының түсімен анықталады. Жалынан басқа, денесіндегі терілері қысқа болады, тек құйрығының ұшында бір шоқ ұзын жүн болады. Арыстандар әдетте саваннаны мекендейді, бірақ кейде бұталы-ағашты аймаққа немесе орманға да өтуі мүмкін. Басқа мысық тектес аңдармен салыстырғанда арыстандар жеке-жеке емес ерекше топтарда – прайдтарда өмір сүреді. Прайд әдетте туыстас ұрғашылардан, бірнеше ірі аталықтар мен кіші балаларынан тұрады. Ұрғашылар бірігіп азық іздейді, көбіне ірі тұяқты аңдарға шабуыл жасайды. Арыстандар адамдарға әдейі шабуылдамайды, бірақ ондай жағдайлар да көп кездеседі. Арыстандар ерекше мықты жыртқыштар, яғни азық тізбегінде жоғары деңгейді алады. Табиғатта арыстандар он-он төрт жыл арасында өмір сүреді, қолда өссе жиырма жылдан астам өмір сүру мүмкіндігі бар. Әдетте еркектерінің он жылдан астам уақыт өмір сүруі сирек кездеседі. Басқа арыстандармен арпалыстары өмір ұзақтықтарын қатты төмендетеді [7]. Арыстандар популяция санының қайта қалпына келмейтіндей қысқаруынан қауіпке ұшырау мүмкіндігі көп түрлерге жатады. Соңғы екі онжылдықта Африкадағы арыстандар саны 30-50%-ға қысқарды [8]. Арыстандардың популяциясы әсіресе қорғалатын территориялардан тыс жерлерде қауіпке ұшырау мүмкіндігі көп болып келеді. Санының азаюының себебі толық зерттелмеген, алайда ең ірі қауіптеріне мекен ету аймағының жоғалуы мен адамдар тарапынан браконьерлік жатады. Арыстандар сонау Рим империясының кезінен торларда ұсталған,ал XVIII ғасыр соңынан бастап зообақтардағы негізгі аңдарға айналды. Бүкіл әлемнің зообақтары жоғалып бара жатқан азиаттық түрін барлау бағдарламасына қатысады. Арыстандар адам мәдениетінде басты рөлдердің бірін алады. Бұл аңдардың суреттері палеолиттен бері атақты, оған Ласко және Шове үңгірлеріндегі қабырға жазулары дәлел. Арыстандар антикалық кезеңде және Орта ғасырда танымал болған, олар өз орындарын мүсін өнері, сурет өнері, ұлттық туларда, елтаңбаларда, әдебиетте және фильмдерден тапты.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота