№ 5 лицейде оқитын 6-сынып оқушысы Серікұлы Азат сабақты жақсы
оқиды, сабақтан ешқашан қалған емес. Бірақ белгісіз себептермен екінші
қараша күні болатын маңызды қалалық олимпиадаға келмеді. Сынып
жетекшісі Әсия Құрманбекқызы келесі күні Азатқа: «Неге келмегені жөнінде
түсініктеме жаз!» - деді. Азаттың орнына түсініктеме жазып көріңдер
Сәлеметсіз бе, мұғалім!
Менің Олимпиадаға келмеу себебім, атам ауырып қалған еді, ал әкем мен анам маңызды шаруаларымен бір жаққа барулары керек болды. Атама бас көз болатын ешкім болмағандықтан, оның жанында қалуым керек болды. Өкінішке орай, мен қалалық олимпиадаға қатыса алмадым және сізден осы үшін көптен көп кешірім сұраймын. Атама бас көз болу мен үшін маңызды болды. Бұған түсіністікпен қарайсыз деген ойдамын.