5. Мәтін мазмұны негізінде тақырыпты шынайы өмірмен байланыстырып, 1 сөйлеммен толық жауап беріңіз.
( 5. Исходя из содержания текста, связывая тему с реальной жизнью,
Дайте полный ответ в одном предложении.)
[1]
Оқылым
Астана қаласы – 1998 жылдан бастап мемлекетіміздің әкімшілік – саяси орталығы. Сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы уақыт талабына сай дамыған қала. Астанада Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М. Горький атындағы орыс драма театры, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Президенттік мәдени орталық, Конгресс холл, «Жастар» сарайы, «Қазақстан» концерт залы, қалалық филармония және басқа да бір сыпыра мәдениет ошақтары бар.
Қазіргі уақытта Астанада 46 тарихи және мәдени ескерткіш бар, оның ішінде 34 сәулет және қала құрылысы ескерткіші, 12 археологиялық ескерткіш бар. Олардың ішінде 2 ескерткіштің республикалық маңызы бар, 44 жергілікті маңызы бар ескеркіш бар.
«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен – опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай – ақ талантты группа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады.
Мәтінге сай ақпаратты (+) белгісімен анықтаңыз.
(1. Обозначьте информацию, соответствующую тексту, знаком (+)
Ақпарат Белгі
«Астана Опера» балет театры Қостанай қаласында орналасқан
Астанада 12 археологиялық ескерткіш бар
Астана қаласы – 1992 жылдан бастап мемлекетіміздің әкімшілік – саяси орталығы
[1]
2. Мәтінді мұқият оқып, мәтіннің мазмұнына сай ақпаратты «иә» немесе «жоқ» жауабымен белгілеңіз. (Внимательно прочтите текст и отметьте информацию в соответствии с содержанием текста ответом «да» или «нет».)
46 тарихи мәдени ескерткіш бар
15 археологиялық ескерткіш бар
48 жергілікті маңызы бар ескерткіш бар
[1]
3. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, сөйлем бөліктерін сәйкестендіріңіз.
1. «Астана Опера» опера және балет театры А қазақ музыкалық драма театры бар
2. Астанада Қ. Қуанышбаев атындағы В республикалық маңызы бар
3. Олардың ішінде 2 ескерткіштің С әлемнің аса сәулетті театрларының бірі
[1]
4. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз. (Определите основную идею текста.)
А) Астана қаласы туралы
В) Астананың сәулетті жерлері туралы
С) Астананың танымал көшелері туралы
Д) Астана мәдениет пен өнер ордасы
[1]
5. Мәтінді оқып. Астана мәдениет пен өнер ордасы деген ойыңызды дәлелдеңіз. (5. Прочтите текст. Докажите, что Астана - центр культуры и искусства.)
Себебі,
Алматы қаласына саяхат.
Нұрлыбек: Күзгі демалыстың басталуын сондай асығыс күтіп жүрмін... Енді төрт күн қалды.
Еркеғали: Неліктен сонша күтіп жүрсің?
Нұрлыбек: Ата – анам осы жолы демалыс уақытында Алматы қаласына отбасымызбен барып, демаламыз деп уәде берген болатын.
Еркеғали: Қандай, керемет! Мен Алматыда әлі болып көрген жоқпын. Әсем қала деп естігенім ғана болмаса.
Нұрлыбек: Оңтүстік астанамыз аталып кеткен Алматыда серуендеп қыдыру мен аты әлемге әйгілі Алматы апортын татып көрудің өзі арман ғой.
Еркеғали: Алматыны тіпті өлең - жырға қосқан ақын - жазушылар қаншама десеңші... Серуенлейтін жерлер де көп шығар?
Нұрлыбек: Әрине, өте көп. Әркім өзінің жан қалауы бойынша серуендейтін жер таба алады. Бірақ, міндетті түрде Көктебеге көтеріліп, әсем Алматыны жоғарыдан алақанымыздағыдай көру керек деп есептеймін. Сонымен қатар, Аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдынында коньки теуіп, Абай атындағы ұлттық опера және балет теартының кезекті қойылымын тамашалап, Ә.Қастеев атындағы сурет галереясына бару міндетті деп санаймын. Бұлар, енді, ойын – сауық орталықтарын қоспағанда ғана.
Еркеғали: Мен де сәті түскенде барармын. Саған сәтті сапар тілеймін!
Нұрлыбек: Рахмет, Алматының әйгілі апортын сәлемдеме ретінде алып келемін.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
Семіздің аяғы – сегіз. Алпыстағы атаңды жыққанша,Алтыдағы атанды жық. Он екі айда он үш той. Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді. Алты бала таппай ана аталмайды,Бес бала таппай белгілі әйел болмайды. Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама. Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар. Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз. жеті атасын білмеген ұл жетесіз. Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.Өзін ғана білген ұлҚұлағы мен жағын жер. Жігітке жеті өнер де аз. Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.
Қарғыс жеті атаға жетеді.
Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.
Кедейдің жеті қаңтары бар. Жетім бала жеті күлшеге тоймас
Жетімге жеті бидай да тамақ, Жетімнің қарны жетеу Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде ада Айла алтау, ақыл жетеу. Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс. Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас. Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем. Жетелі мен іскерге жеті күннің бәрі сәтті.
Тоғыз ат бір қазыққа байланбас, Тойған үйге тоғыз бар, Егістікті бір рет сыйламасаң, ол сені тоғыз рет қинайды, Тоғыз қатынның толғағы бір келді, Тоғыз ат бір қазыққа байланбас
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату. Бір ит көріп үреді,Екі ит еріп үреді. Бірінші байлық – денсаулық,Екінші байлық – ақ жаулық,Үшінші байлық – он саулық. Елуінде – ер дана,Елуінде – ел жаңа. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні бар. Отыз тістен шыққан сөз,Отыз руға тарайды. Мыңның жүзін білгенше,Бірдің атын біл. Екі қарға таласса, бір қарғаға жем түсер. Тоғыз қабат торқадан, тоқтышақтың терісі артық. Бір жылға қоян терісі де шыдайды. Аларманға алтау аз,Берерменге бесеу көп. Екі баланың ортасындағы шал бала болады,Екі шалдың ортасындағы бала дана болады. Бас екеу болмай, мал екеу болмас. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.Мың қайғы бір борышты өтемейді. Жақсы кісі қырқында толады, жаман кісі қырқында солады Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі. Жүз дімкеске бір лепес.
Бірінші әйел – шекер, екінші әйел – бекер.
Бірінші әйелді құдай қосады, екіншісін адам қосады, үшіншісін сайтан қосады.
Екі уыс алтын берсе, үшіншісін қоса сұра.
Біреу жаныңа жолдас, біреу малыңа жолдас Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді
Ағайын – алтау, ана – біреу.
Аласыға алтау аз, бересіге бесеу көп.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Алтаумын деме, жетеуге жолығасың, жетеумін деме, сегізге жолығасың.
Шындық – сегіз, бақыт егіз,
Ер- егіз, еңбек- жалғыз,
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады, Еңбек пен бақыт – егіз
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады
Қорқаққа қос көрінер,
Құдай бір ұрғанды қос қолдап ұрады,
Бір жебемен қос нысана оққа ұшты .