5. Мәтінді мұқият оқып, бүгінгі сабақтан ойларыңды қорытындылап, «Бұрын қолданылған араб жазуын А.Байтұрсынұлы не үшін рефор- малады? » деген сұрақ бойынша эссе жазыңдар. Сөз саны - 80-100. көне семит Осы күнгі жұрттардың бәрі де өзі шығарған әліпбиін тұтынып отырған жоқ. Бәрінікі де өзгеден алған әліпби. Еуропа жұртының тұтынған әліпбиінің түбі әліпбиі. Көне семит әліпбиін өз тіліне үйлестіріп финикий жұрты алған, онан грек, гректен латын, Еуропа жұрты алған. Түркі әліпбиінің түбі де көне семит әліпбиі, олардан куфалықтар, куфалықтардан араб өз тіліне үйлестіріп алған. Арабтан иран, түрік және басқа мұсылмандар алған. Солардың қайсысы да бірінің әліпбиін бірі алғанда, тұрған қалпында алмаған. Өз тілдерінің дыбыстарына қарай өзгеріс кіргізіп алған. Тіліне әліпбидің артығы болса, алып тастаған, кемтігі болса, әріп қосып толықтырған. (Ахмет Байтұрсынұлы)
Қазақ халқының: «Білекті бірді жеңеді, білімді мыңды жеңеді», – деген нақыл сөзі бар. Уағызымызды білім туралы айтылатын көненің бір ғибратты әңгімесімен бастайын. Сонау VII ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әліні (Әли ибн Әби Талиб) ел ішінде «ілімнің қақпасы» деп атайды екен. Осы атақтың рас - өтірігін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған. Олардың бәрі Әзірет Әліге бір ғана сұрақ: "Білім артық па, байлық артық па?» деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны шын мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі әр адам қойған бір сұраққа түрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген екен:
Ең үлкен күш кімнің күші? Алып балуанның күші ме, шіріген байдың дәулеті ме, жоқ әлде айлакер сиқыршының сиқыры ма? Бұл үшеуінің біреуін таңдап, нағыз күш деп ойласаңыз сіз қателесесіз. Байдың күші кедейлерге көмектескенінде, әйтпесе қолдың кірі ғана. Балуанның күші бұлшық етінде, жалғыз ғана қарсыласын жығуға жетер, он балуанға бірден шамасы жете қоймас. Сиқырдың күшін айтпасам да болады, өзі де көз байлап қызықтыратын бірнеше айладан тұратыны мәлім. Ал ешқашан сарқылмайтын, өмірде бағыт бағдар беріп, мыңдарды жығатын күш ол- білім. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді қазақ. Бұл мақалды көбіміз жатқа білсек те, мағынасына терең үңіліп ойланып көрмеген болармыз.
А туа сала ештеңе білмегенімен, Алла тағала оны үйренуі үшін барлық мүмкіндіктермен қамтыған. Яғни адам туа білмейді, жүре біледі. Сол сізге берілген мүмкіндіктердің ең негізгісі, және сізді жануарлардан айыратын ол – ақыл және де ойлау қабілетіңіз. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас демекші осы ақыл ойыңыз арқылы үйреніп, білім күшіне ие бола аласыз.