В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
InnaGlazova
InnaGlazova
18.06.2021 07:35 •  Қазақ тiлi

5 оқылым мәтінінен алынған ақпараттардан сабақтас құрмалас сөй- лемдер құрастырып, жазыңдар. Мағыналық түрін ажыратыңдар.
Мәтіндегі сөйлем
Сабақтас құрмалас​

Показать ответ
Ответ:
яна757
яна757
15.02.2023 16:45
Фонетика ережесі — дыбыстарды зерттейтін тіл ғылымының бір саласы. Ал жалпы дыбыс — сөздің ең кіші бөлігі болып саналады. Әдетте біз дыбысты естиміз немесе айтамыз. Фонетика ережесінде дыбыс екіге бөлінеді: Дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар болып. Дауысты дыбыстар «тілдің қатысына қарай»: жуан және жіңішке болып, «жақтың қатысына қарай»: ашық және қысаң болып, «еріннің қатысына қарай»: еріндік және езулік болып бөлінеді. Фонетика ережесінде дауыссыз дыбыстар болса: «үн мен салдардың қатысына қарай»: қатаң, ұяң, үнді болып 3-ке бөлінеді.

Фонетиканың тағы бір зерттеу саласын — буын дейміз. Буын дегеніміз не? Буын деп сөз айтылғандағы дауыс толқынын айтамыз. Буын түрлері: 1. Ашық буын, 2. Тұйық буын, 3. Бітеу буын. Онымен қоса фонетика ережесі «үндестік заңын» үйретеді. «Үндестік заңы» дегеніміз не? Ережесі: Буынның немесе дыбыстың ішіндегі дауысты немесе дауыссыз дыбыстардың бір ретпен айтылуын айтамыз. Үндестік заңы: буын үндестігі және дыбыс үндестігі болып екіге бөлінеді. Буын үндестігі — сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың үндесуін айтамыз, ал дыбыс үндестігі — сөз ішіндегі дауыссыз дыбыстардың үндесуін айтамыз. Дыбыс үндестігінің 3 түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал
0,0(0 оценок)
Ответ:
Амина9505
Амина9505
23.01.2022 04:57

Бір құмырсқа өз илеуінде тобынан бөлініп, сол маңдағы ара, қоңыз секілді жәндіктермен дос болыпты.

Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі әрі-бері әуреленіп, дәнді орнынан қозғалта алмапты. Сонан соң көмек сұрау үшін әлгі қанатты достарын іздейді.

Бір уақытта гүлден-гүлге қонып, шырын жинап жүрген араға жолығады

– Досым, бір дән тауып алып едім, жалғыз өзім көтере алмағаным. Маған көмектесіп жіберші, – деп өтінеді.

– Көрмей тұрсың ба, мен де жұмыс істеп жатырмын ғой, – деп, ара көнбей қойыпты. Солайы солай ғой, мейлі деп, құмырсқа әрі жүріп кетіпті. Ол енді қоңызды тауып алады.

Ол мән-жайды айтып, көмек сұрапты.

– Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын, – деп, қоңыз ызыңдап ұшып кете барады.

         Достарынан күдер үзген құмырсқа мұңайып қайтып келе жатады. Жолда өзінің илеулестерімен ұшырасып қалады. Олар мұның түрін көріп:

– Не істеп жүрсің? – деп, жөнін сұрайды.

Жалғыз құмырсқа өзінің басынан кешкенін айтып береді:

– Жалғыздық деген сол, – деп, илеулестері жұбатады да құмырсқаның дәнін көтерісіп, әрі алып кетеді. Құмырсқа үйіріне қайта қосылады.

«Жаңа достың қадірі ескі досқа жетпейді» деген екен сонда бір кәрі құмырсқа.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота