В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ахпхпха
ахпхпха
21.01.2023 16:29 •  Қазақ тiлi

5. Сейлем ішіндегі үстеулерді тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз Дұшпан ұшақтары қала үстінде күні-түні ұшып, бомбаларды боратып жатыр. Енді бір қарасаң, кек аспан қып-қызыл болып жанып жатқан сияқты. Күн көзі Жер -Анага емін-еркін қызуын теге бастады. Хамит қолын алдына, сонан сон жоғары, екі жағына созып жұлқыланып, жаттығу жасай бастады. Ашуланган ол мүлде терісіне сыймай булықты, Бул отырған жұрт тегін жиналған жок 1​


5. Сейлем ішіндегі үстеулерді тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз Дұшпан ұшақтары қала үстінде күні-тү

Показать ответ
Ответ:
ferid9098
ferid9098
09.01.2023 03:18
Кино(гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері — өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жа-сауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер,актер, оператор, суретші, композитор,продюсер, каскадер, экономист,менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасаудакинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлер,техниктер, лаборанттар мен өзгеқызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.

Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм кино өнерінің негізгі және кең таралған түрі. Ол әдеби шығарма желісі немесе арнайы жазылған сценарий бойынша актерлердің қатысуымен жасалады. Деректі киноға тарихта, өмірде болған мәні зор оқиғаларды баяндайтын фильмдер мен киножурналдар жатады. Мультипликациялық кино суреттер мен қуыршақтарға қимыл бере отырып жасалады. Ғылыми-көпшілік кино — жұртшылыққа жаратылыс пен әлеуметтік құбылыстарды ұғындыратын, өнер сырларымен таныстыратын фильмдер жиынтығы. Қазіргі заманда жарнамалық кино өндірісі кең тарап отыр. Сондай-ақ кино тарихында жалпы халыққа арналған фильмдермен қатар эксперименттік фильмдер де түсіріледі. Фильм жасау, оны көпшілік қауымға көрсету ісі шебер техниканы, қыруар қаржыны талап етеді. Әсіресе, фильм түсіру, жасау әрі оның көшірмелерін көбейтіп басып шығару аса күрделі процесс. Монтаждау — кинематографиялық шығарманың бар істелген жұмысын тиянақтайтын кезең. Бұл процесс кезінде монтаждалатын кадрлардың ұзындығы (метражы) белгіленеді. Соның нәтижесінде фильмдегі оқиғаның логикалық жүйесі анықталады.Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқыкинохроника 1925 ж. түсіріле бастады.1934 ж. Алматыда “Советтік Қазақстан” киножурналын үзбей шығарып тұратын Республикалық кинохроника студиясы құрылды. “Ленфильм” студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен “Амангелді” (1938, режиссері Марк Левин) көркем фильмін жасады. Ұлт батыры Амангелді Имановты сахна шебері Елубай Өмірзақовсомдады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында “Мосфильм” мен “Ленфильм” киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеп, дамуына игі әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия (1960 жылдан “Қазақфильм”) ұйымдасты. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр алуан. “Абай әні” (1946), “Шоқан Уәлиханов” (1957), “Қыз Жібек” (1972), “Сұлтан Бейбарыс” (1989), “Отырардың күйреуі” (1992), “Махаббат бекеті” (1993), “Жамбылдың жастық шағы” (1996), т.б. картиналар шықты. Балаларға арналған “Қанатты сыйлық” (1956), “Менің атым Қожа” (1963), “Қызыл тас заставасы маңында” (1969), “Көксерек” (1973), “Алпамыс мектепке барады” (1976), “Балалық шақтың кермек дәмі” (1983), “Сүйрік” (1984), “Ауылым Алатаудың баурайында” (1985), т.б. секілді фильмдер жарық көрді. Кейінгі жылдары “Көшпелілер” фильмі (2005), “Ағайынды” (2009), т.б. сериалдар көрермен көзайымына айналды. 2003 жылдан бастап Алматы қаласында “Шәкен жұлдыздары” атты халықаралықкинофестиваль өткізіліп келеді
0,0(0 оценок)
Ответ:
20kokosik26
20kokosik26
08.07.2020 08:24
Тарих тұстарын тереңінен тармақтай түскенімде, тілдің тамырының тереңге таралуынаталпынған тарихшы тұлғалардың, талайды тамсандыратын туындыларымен,толғауларымен, тұжырымдамаларымен таныстым. Тілдің тік тұруына тер төккен талай-талай тарих тағылымдары тектен — текке, тегіннен — тегін туламаған. Түбінде,таптырмас тұста тілге тоқталатынымызды түсінген. Тұлғалардың Түрлі тілдерді танып,тілдесуі тамаша тірлік. Түрлі тілде тілдесе тұрып, туымыздың төрі, тегіміздің тірегі,тәңір тартқан тілімізге тер төге тілдесу түкке тұрмайды. Түрлі тілде тілдесетіндердіңтуған тілде тілдеспей тартынуы түсініксіз. Түсінгенім, түрлі тілде тарсылдатып,тоқтаусыз тілдессең табысты тұлғалармен табысың таразы тұсында тең тұрады.Түсінуге тырыссақ, түрлі тілде тілдесу тыныс — тіршілік тауқыметі. Туған тіліндетілдеспей, түрлі тілде тақылдаған тұлғалардың тағдыры, тіл тыңдармандарының,тілмәштардың, тер төгушілердің тірлігін терісінен тудыруда. Тілдің тізгіні түзу.Түзудіңде түзетулері табылып тұр. Тілге төгілген тоқтаусыз теңгелердің тізімінтүзетіп, таразыласақ. Таразы тұсын талапқа тапсырсақ. Темір тұлпарлы тұлғалар, теміртұлпарға тағылатын талаптан тартынатындай, тұлғаларға түрлі тілде тілдессін,тілдеспесін туған тілінде тілдеспейтіндерге түрлі талап тағайындалып, тарауларментыйымдасақ. Тыйым — түрлі тұстарда тұлғаны толғандырмай тұрмаған. Талап —тұлғаны талаптандыра, талпына түсуге тырыстырған. Туған тілін тыңдамай,тілдеспегендердің толық табысын тоқтатпаса да, тапқан-таянған табысының тиын —тебенін төмендетсе, тіліміз туралы түсінігі таяз тұлғалар тиесілі төлем төлеп тұрса,тілге түскен табыс түсімін, тастанды тұлғалардың тегін тамақтануына тарқатса,төңіректе тұратын тұрғындардан тіл төрағалары тағайындалса, туған тіліміздетамашаланатын телеарна табылса, табылған телеарна түпкір — түпкірдегітұрғындарымызғада тартылса, тілшілердің тақырыптары түгелімен туған тіліміздетарап, тергеушілеріміз тек туған тілінде тергесе, тілден тасалап, тайтарылатындартүбегейлі тергеуге тіркелсе талай тірліктер тыңғылықты тындырылып, тілімізтөңіректегі тілдердің төбесіне тым тақалмасада, таяулайтыны тура. Тегіміз, түбіміз —түрік. Танитын түріктермен тілдескенде тамсанатыным, түпәй — түпәй тілім тасқатілімізді таза, толық тіркестермен, туған тіліндей тоқтаусыз, тамаша тәсілдерментүсініп, түсіндіретін таланттары. Тілімді тым төмендетпеймін, тәңірге тәубә тілімізгетер төгушілердің тізімін тасаға тастамайық. Тіліміздің тарихы тақадай толып тұрсада,түрімізді төмен түсіретініміз, тілімізге титтей талпындыратын, турашыл, тіреушітұлғаларға  тапшылығымыз
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота