5 - сынып «Қазақстандағы ұлттар достастығы», «Ұлы дала табиғаты» бөлімдері бойынша
№4 жиынтық бағалау
Тыңдалым
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төмендегі тапсырмаларды орында.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру
туралы идеясын жарияласа, Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында
құрды.
Содан бері талай жыл өтіпті. Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін
беріп, жұртшылықты жетістікке бастады. Ең бастысы, Ассамблея татулық пен
тыныштықтың тірегіне айналды. Осындай киелі құбылысты нығайта түсу мақсатында
2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланған болатын.
Біздің ауданда, ауылымызда, негізінен қазақ және ұйғыр ұлтының өкілдері тату-
тәтті өмір сүріп келеді.
Ұйғырларды таранчы деп атайды. Ұйғырлардың мекені - Шығыс Түркістан, қазіргі
Шыңжаң Ұйғыр автономиясы, онда 12 млн, ұйғыр тұрады. Қазақстандағы, яғни Алматы
облысы бойындағы жер аударылып келген ұйғырларды жетісулық деп атайды. Олар
1876-77 жылдары Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Цин империясына қарсы
көтерілістен Соң бәрі Жетісуға көше бастады. Қазақтардың кеңдігі мен
бауырмалдығының арқасында біздің ұйғыр халқы да өсіп-өніп, жақсы тіршілік кешуде.
Қазақстанды өз Отаны санайды. Еліміз табиғи ресурстарға бай. Ал байлықтың ең үлкені –
халықтар достығы. Біз осы достықты нығайтып, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі
үшін қызмет етуіміз керек.
(162 сөз)
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы қай жылы құрылды?
[1]
2. Ұйғыр халқының жақсы өмір сүруіне не әсер етті?
(1
)
[1]
дұрыс бұрыс
3. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпаратты ажыратыңыз.
р/с
Ақпараттар
А Ұйғырлар Шығыс Түркістан, қазіргі Шыңжаң Ұйғыр автономиясынан
көше бастады.
B 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы.
с Еліміздегі байлықтың ең үлкені – табиғи ресурстар.
Әдепті болу. Әдеп-қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады . «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп, халық сөйлеу мәдениетін талап етеді. «Әдепті бала –арлы бала, әдепсіз бала-сорлы бала» деп, халық әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын » деп , Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екенін ашық айтады. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы тұлғаның мәдениетін көрсетеді. Жалпы ұлттық әдеп- ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы.
Қазақстан - таулар мекені.
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекенім бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар. Биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Атап өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға келгендер. Бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Елімізде Алатау, Алтай, Қарқаралы, Ұлытау секілді таулар бар. Бір - екеуіне тоқтала кетер болсақ, Алатау – жеріміздің көркі, еліміздің сәні болып саналады. Тау қойнауларындағы сандаған демалыс және сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатау мәртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай түсуде. Еліміздегі ең ірі, жануарларға бай хайуанаттар бағы да осында. Ал, Алатау бөктерінде, Алматы облысының аумағында өсімдіктер мен хайуанаттарды қорғауға, табиғатты, табиғи ескерткіштерді сақтауға арналған мемлекеттік қорықтар да бар. Бұл күнде теңізге айналған Қапшағай су қоймасы, ондаған бұлақтар мен көлдер өңір ажарын аша түсіп, тұрғын халық берекесіне айналған. Мекен еткен кісі алыс кетсе сағындыратын, көрген жанның есінен кетпейтін Алатаудың табиғаты жылдың қай мезгілінде болсын көркем, таза, қызықты.
Жаратушы сыйлаған осынау бір таңғажайып, көрікті табиғатымызды қорғап, оның гүлдене беруіне себепкер болайық.