5 сынып Су – тіршілік көзі. Әлемдегі ірі кітапханалар бөлімдері бойынша тоқсандық
жиынтық бағалау.
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Су – баға жетпес байлық. Жер бетіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Суды адамдар
тек ішу үшін ғана емес, егін суаруда, мал шаруашылығынды, өнеркәсіптің әр түрлі
салаларында пайдаланады. Сумен күнделікті жуынамыз. Тазалық сақтау үшін су қажет.
Адам ағзасына судың көп пайдасы бар. Сондықтан күнде таңертең су ішу керек. Су
тамақты жақсы қортуға көмектеседі.
Дүние жүзіндегі барлық халықтар сияқты қазақ халқы да ерте заманда өзен, көл, бұлақ,
әсіресе құдық суының тазалығына көп көңіл бөлген. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде
суды қадірлеу, суды лайламау, суды ластамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Бұдан
қазақ халқының суды қалай қастерлеп, қорғайтынын көреміз.
Оқылым.
1. Мəтінің негізгі идеясын анықтаңыз.
2. Мәтін бойынша б тірек сөз жазыңыз.
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.