Конгресс кітапханасы – Америка Құрама Штаттарының ұлттық кітапханасы және Құрама Штаттардың Конгресінің негізгі зерттеу филиалы болып табылады. Кітапхана Вашингтон қаласында үш бірдей ғимаратта орналасқан. Кітаптарының саны жөнінен де, алып жатқан аумағы жағынан да әлемдегі ең үлкен кітапхана саналады. Білесіз бе, мұндағы қызметкерлердің саны – 3000 адамнан асады екен.
Кітапханада 437 түрлі тілде жазылған 32 миллионнан аса кітап пен құнды ақпараттар, 61 миллиондай қолжазба, Солтүстік Америкада сирек кездесетін кітаптар жинағы, 1 миллионнан астам мемлекеттік баспа, үш ғасырдан бері жиналып келе жатқан 1 миллионға жуық әлемдік газет, заңдық құжаттардың әлемдегі ең үлкен жинағы, фильмдер, 4,8 миллион карта, ноталар, 13,7 миллионнан астам сурет бар. Қазіргі таңда кітапхана басшысы – Джеймс Х.Биллингтон.
Жерұйық» көркемфильмі 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе аулында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы фильм.Бұл фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған Қазақстан халқының достығын бейнелейді.Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, адалдығынан айнымаған, тектілігін жоғалтпаған, ізіне шам алып түскен сатқындардың сөзіне арбалмай, бір-бірін отқа итермеген мәрт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап қазақ еліне келген кезде қатты жатсынады. Бірақ бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір үзім нанын да бөліп береді. Фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай - өмірде болған кейіпкер. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әртүрлі ұлттарды жатырқамай, бауырына басады. Міне, қазақтың қазақшылығы да осында ғой... Нағыз бұқпасыз шындықты дәл көрсеткен көркем туынды сапасы жағынанан да ешқандай фильмдерден кем емес. Фильм соңы мәрт азамат – Орынбайдың Сібірге жер аударылуымен аяқталады.