5-тапсырма. Аудиомәтіннің мазмұнына сүйеніп, жақша ішіндегі сөздердің қажетті- сін дұрыс тұлғада қойып, сөйлемді жаз. 1. Ресейдің Әлеуметтану институты қазіргі қоғамдағы әлеуметтік ... (теңсіздікке, жіктелуге, бөлуге) әсер ететін факторлар иерархиясын анықтады. 2. Респондент- тердің 91,3 пайызы ... (билікті, білімді, нәсілін) басты фактор ретінде атап көрсеткен. 3. Зерттеу нәтижесі ... (табыс көлемін, маманДЫҚТЫҢ түрін, шығу тегін) де маңЫЗДЫ көрсеткен. Әлеуметтік жіктелуде адамның білім деңгейі, кәсіби шеберлігі, жоғары мәртебесі (престиж) СИЯҚТЫ ... (факторлар, ұстанымдар, өлшемдер) негізге алынады.
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.
Алтын менен күмістіЗергер үшін жаратқан.
Арқар менен құлжаныМерген үшін жаратқан.
Шебердің инесі де алтын,Соққан күймесі де алтын.
Шеберді саусағы асырайды.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Жатқанға жан жуымас,Жалқауға мал құралмас.
Еңбек, еңбекқорлық
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.
Еңбексіз өмір жоқ,Ауырсыз жеңіл жоқ.
Қойшыны таяғы асырайды,Қасқырды аяғы асырайды.
Атан түйе жүк астында қартаяр.
Түйір нан – тамшы тер.
Сен істі сүйсең, іс саған бас