5. -тапсырма. «Кубизм» стратегиясы бойынша жауап жаз. 1. Жыл мезгілдерін салыстыру 2 Олардың пайдасы туралы жазу 3. Жыл мезгілдері туралы мақал- мателдер келтіру 4. Ақынның жыл мезгілдерін сипаттауы 5. Қазіргі кездегі жыл мезгілдеріндегі өзгерістер жөнінде зерттеу 6. Адамның табиғатқа тигізетін зиянын дәлелдеу
Ақтау қаласының өмірге келу тарихы туралыАқтау қаласының өмірге келу тарихы XX ғасырдың 40 жылдарының аяғы, 50-жылдарының басында екінші дүние жүзілік соғыстағы одақтас елдер – КСРО мен Америка Құрама Штаттары жанталаса атом қаруымен қарулана бастаған қырғи-қабақ соғыс дәуіріндегі саяси жағдаймен тығыз байланысты.Қысқа мерзім ішінде КСРО-ның сенімді ядролық қорғанысын құру мәселесі уран рудасына деген қажеттілікті алға тартты.1942 жылдың 28 қыркүйегінде КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің «Уран өндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» қаулысы қабылданып, КСРО Ғылым Академиясы жанынан атом ядросының арнайы зертханасын ашу міндеттелді, барлық геологиялық ұйымдар радиоактивті рудаларды іздеуге жұмылдырылды.КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитеті 1944 жылдың 8 сәуіріндегі қаулысымен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы геология мәселелері жөніндегі Комитеттің алдына Орта Азия, Казақстан, Батыс және Шығыс Сібір аймақтарынан уран кен-орындарын іздеуді ұйымдастыру міндетін қойды. Осы жылдың мамырында министрліктер мен ведомстволардың геологиялық басқармаларында арнайы топтар, партиялар мен отрядтар құрылып, алдымен тау жыныстарының, кендерінің коллекцияларына тексеру жұмыстары басталады.1945 жылдан бастап атом энергиясын игеру кең ауқымда жүргізіле бастаса да, елді табиғи уранмен қамтамасыз ету шешілмеген мәселенің бірі болып қала берді. И. В. Курчатовпен қатар кеңестік атом жобасының басты жетекшілерінің бірі ретінде КСРО орта машина жасау министрі Е. П. Славский «… алғашқы реакторға елде бар уран кенінің қоры түгелге жуық салынды. Реактордың әрі қарай жұмыс жасауы үшін қажетті уран тапшы еді…»,- деп еске алады. Осы уақытқа қарай КСРО-да бірнеше радиоактивті кен орындары белгілі бола тұра, олардың бәрі уран қорының аздығына байланысты атом өнеркәсібінің шикізаттық негізі бола алмады. Осындай жағдайда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі 1945 жылдың қазан айында радиоактивті шикізатты іздеу, барлау мақсатында өндірісті шоғырландыру және мамандандыру туралы қаулы қабылдап, барлық күшті атом өнеркәсібін аяққа тұрғызу үшін шикізатпен қамтамасыз етуге жұмылдыруға шақырды. Осы қаулымен мемлекеттік геология комитетінің құрамында алғашқы Бас геологиялық барлау басқармасы құрылып, 1946 жылдың сәуіріне қарай бүкіл ел территориясында геологиялық барлау, тексеру жұмыстарын жүзеге асыратын 270 арнайы далалық геологиялық партияларды құру жоспарланды.«Уран» стратегиясы 1946-1947 жж. алғашқы нәтижесін бере бастады: уран кен орындары орналасқан бірнеше жаңа аудандар анықталды.Алғашқылардың бірі болып, 1950-жылдары Маңғышлақта Меловое мүйісінде бірнеше жаңа уран кен орындары ашылды, оларды ашушылар қатарында – Л. Н. Скосырев, Н. М. Шармин, Ю. Н. Тереховтар болды.Е.П.Славский «…уран рудасы мұнда аса бай болмаса да, кешенді. Уранды осы жерден байыту оған деген аса мұқтаждықтан ғана туындады. Бұл – шөл далада жаңа қала салудың алғы шарты болды…»,- деп бірнеше жылдар өткен соң ғана қаланың салыну тарихының бір құпиясын ашады. «…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.
Осы өңірде тас көмір кені ашылғанға дейін, оның күншығыс жағында жатқан тұзды көл ерте заманнан бері «Екібастұз» депмұрағаттық құжаттардан белгілі. Осыған байланысты кейін бұл жерден табылған тас көмір кені де, оның жанына орнаған қалашық пен қала да «Екібастұз» деп аталады.
Екібастұз қаласы өзінің жастығына қарамастан теңдесі жоқ алып кәсіпорындарымен бүкіл әлемге танымал болып отыр. Қысқа ғана мерзім ішінде Қазақстанның «қара алтынды» жерінде пайда болған қала біздің замандастарымыз үшін аты аңызға айналғанқала болып отыр. Тек қана Екібастұзда тұңғыш рет Қазақстанда көптеген алдыңғы қатарлы технология өмірге келді, жаңа үлгідегі құрал-жабдықтар зерттелді.
Екібастұз қаласы - кеншілер мен энергетиктердің мақтанышы. Қала орасан зор, әлемдегі бай тас көмірімен танылып отыр. №1, 2-МАЭС- тердің іске қосылуы арқасында Екібастұз жылуэнергетикалық кешенінің ірі орталығы болып отыр. Бүгінгі таңда үш бірдей – «Богатырь», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштерінде көмір өндіріледі. Екібастұз көмірі Қазақстанның, Орал, мен Батыс Сібірдің электр станцияларының жұмыстарын үздіксіз қамтамассыз етіп отыр. Қала тек географиялық орнымен ғана емес,сонымен қатар тарихи ерекшелігіне байланысты қалыптасты. Екібастұз көмірі мен электр қуаты бүкіл аймақтың кәсіпорындар: Павлодар химия,мұнай өңдеу, алюминий, трактор, Ақсу ферроқорытпа зауыттары - Екібастұздағы «қара алтынның» арқасында өркендеп отыр. Сондай-ақ Екібастұз көмірі Қазақстан мен Ресейдің арасын жалғастырушы буын болып табылады. «Шығыс» кеніші - әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет бейімделген көмір қабаты жағдайында көлденең жатқан шектеулі қуатымен жобаланды және көмір шығарудың жаңа технологиясын енгізді.Екібастұз - Павлодар облысының оңтүстік-батысында орналасқан қала. 1898 жылы негізі қаланып, қала дәрежесін 1957 жылы алды.
«…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.