5-тапсырма Мәтін бойынша тест тапсырмасын орындаңыз. 1. Сөйлемді толықтырыңыз. Жаһандагы... шектеулі A) экологиялық талаптар; В) балама ресурстар; С) шикізат қоры мен энергетикалық ресурс; D) қоршаған орта. 2. Сөйлемді аяқтаңыз. Энергетика қымбаттап, А) жаһандық энергетикалық дағдарыс туды; В) жаһандық энергетикалық дағдарыс болмады; C) энергетика арзандады; D) шикізат қоры кебейді. 3. Дұрыс ақпаратты белгілеңі. А) Экологиялық талап болса, қоршаған орта улбал, В) Экологиялық талап бұрылса, қоршаған орта уланады; C) Экологиялық талаптар төмен болса, қоршаған орта улбай, D) Экологиялық талаптар төмен болса, энергетика армандайды.
Менің досым туралы.
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.
"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.
Аружан - оқу озаты әрі мектепте үлгілі, сыпайы оқушы., сонымен қатар үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.
Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақытты жанмын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!
Өмірде шынайы ,өзіне серік болатын дос табу қиын. Достар бір- біріне қиын кезде де, қуаныш кезінде де бірге болып көмектесу керек.Егер достар бір- бірінің сырын сақтай алмаса, ол шынайы достыққа жатпайды. Менің достарым көп.Мен олардың бәрінде жақсы көремін.Солардың ішінде екі досымды ерекше жақсы көремін. Олар Диана мен Гүлсәт.Оларға қиын кездерде қолымнан келгенше көмектескім келеді.Біз кейде ренжісіп қаламыз. Дос болғасын ондай жағдайлар болады ғой …. . Бірақ бір -бірімізбен тез татуласып кетеміз.