В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Tsm2017
Tsm2017
13.08.2020 06:12 •  Қазақ тiлi

5-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі мәселені анықтаңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз (80-100 сөз). Оқшау сөздерді қолданыңыз. Бал ашамын деп бәлеге қалған…
Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген
оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:
– Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…
…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз.
Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:
– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек
құмалақты шашып кеп жіберіп:
– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.
Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз.
«Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды.
Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық.
Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.

Показать ответ
Ответ:
lina5555555
lina5555555
18.08.2022 22:24

Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета)өмірі, жердің азоттан, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты.

Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 – 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (Жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардын тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде) теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерігінді тамшыларының құрғауына, өлген организмдердің іріп-шіруі процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундыша атмосфера арқылы үлкен жылдамдықпен (11-ден 64 км/сек дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады да, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардын айтуы бойынша тәулігіне жер бетіне 1018 кішігірім метеориттер түседі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
dias2266
dias2266
18.08.2022 22:24

Біздің планета атмосферасының массасы көп емес — Жер массасының миллионнан бір бөлігі ғана. Алайда, биосферадағы табиғи үдерістердегі оның рөлі елеулі. Жер шарының айналасында атмосфераның болуы біздің планетаның жалпы жылулық режимін анықтайды, зиянды ғарыштық және ультракүлгін сәулелерден қорғайды. Атмосфера циркуляциясы жергілікті климат жағдайларына, ал олар арқылы — өзен, топырақ режиміне, рельефтің қалыптасу үдерістеріне әсерін тигізеді.

Әр түрлі экожүйеге атмосфераның құрамына кіретін үш газдың маңызы зор: оттегі, көмір қышқыл газы, азот. Бұл газдар негізгі биогеоциклдерге қатысады. Жердің атмосферасындағы жағымсыз өзгерістер, негізінен атмосфера ауасындағы екінші ретті компоненттер шоғырлануының өзгерісімен байланысты.

Атмосфераның екі негізгі ластану көзі бар: табиғи және антропогендік. Атмосфераның ластануының негізгі антропогендік көздеріне отын-энергетика кешенді кәсіпорындары, транспорт, әр түрлі машина жасайтын кәсіпорындар жатады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота