5-тапсырма. Мәтінді оқы. Тілдік ерекшелігін талда. Нұрсұлтан Әбішұлы саясатта көптен, Кеңес дәуірінен келе жат
тұлға. Мені қатты таңғалдыратыны оның заман тынысын тап басып тану
ны. Бұл қасиет бүгінгі әлемді дөп басып сезіне алатын қасиет оған қай
дарыған?.. Ол адал да әділ. Бір мәселелерді талқылағанда әрдайым «Қатард
адамдарға бұл қалай тиеді? Бұл жеке адамға, қарапайым отбасылар,
өміріне қалай әсер етеді?» деп ойлап тұрады (Владимир Путин).
Қазір жаһандық саясатта 5-6 ірі әрі ықпалды саясаткер бар. Солар
бірі – Нұрсұлтан Назарбаев. Мен оған сенемін әрі оның барлық бастама
қолдаймын (Маргарет Тэтчер).
Назарбаев кеңестік саясаттағы жарық жұлдыз, түрлі республика
арасындағы ірі тұлға. Қазақстан лидері — белгілі деңгейде қатал, тәжіриб
жедел шешім қабылдай алатын адам. Одақтың басқа республикаларынын
мойындаған жылы шырайлы, талантты әрі табанды басшы. Назарбаев
публиканы басқарып тұрғанда Қазақстанның табыстарға жету мүмкіндігі
ғұрлым мол болады (Ли Куан Ю).
Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі - қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ - шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?
Объяснение:
26шы қара сөз
Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті. Қызыққа толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпақ емеспін. Балабақшадағы күндерім... Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн... Сыныптас достарыммен алғашқы таныстық... Бәрі-бәрі қазіргідей көз алдымда. Осылайша мектеп табалдырығын аттаған күнімді көз алдыма әкелсем, бүгінгі білім ордасымен, санаптас достарыммен қоштасар сәттің жақындағанына да сене алмай қаламын. Әредік орта мектепті бітіруге санаулы ғана күн қалғанын, сыныптас достарымызбен жан-жаққа, Қазақстанның түкпір-түкпіріне білім іздеп кете баратынымызды, балалықпен қоштасуым тиіс екенін ойласам бітті – жүрегім атша тулап, қобалжып қоя береді. Енді әне-міне дегенше сүрлеу-соқпағы көп өмірдің үлкен белесіне аттанбақпын. Мен – жас түлекпін алға ұмтылған. Жас түлек – болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы.
Объяснение:
Кешір көп болып кетті жартысын жазсаң болады.