5 тапсырма Сөздікті пайдаланып, мəтіндегі қарамен жазылған сөздерің аудармасын тап, мағынасын анықта. Тоқта, ботам! Атаң келеді артында!
Бұр мойныңды қалжыраған қарт ұлға,
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын
Жүзе жүріп, жүз құбылған сағымда,
Жастық дейтін көктеменің шағында,
Айырбастап ала алмай жүр алтынға,
Қарттың бағын жайлайтынбыз иен тегін,
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда!
Өскен едік сенің анаң екеуміз
Осы қарттың мәпелеген бағында.
Тыңдайтынбыз алуан-алуан ертегін.
Жинап алып жүрер еді жарықтық
Күллі ауылдың елтеңі мен селтеңін.
Ей, болашақ!
Қарт келеді зиялы,
Кейімесін ата қыран ұялы.
Сен сыйласаң сәби шақтың бір сәтін,
Атаң саған ұзақ өмірін қияды.
Ақылына айырбаста күлкіңді,
Қайтесің сол күлкі дейтін шіркінді?!
Бейқам күліп өспеген соң өз басым,
Бос күлкіні ұнатпаймын бір түрлі...
Тоқта, ботам!
Атаң келеді артыңда.
Дария-шалқар даналығын ал, тыңда!
Сенің сәби сәттеріңнің мысқалын
Айырбастап таба алмай жүр алтынға.
Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда!
(М. Мақатаев

ХХІ ғасыр – жаңа технологияның, ғылым-білімнің ғасыры. Мұны мойындамасқа шара жоқ. Әрбір әрекет, әрбір жұмыс бір ғана батырманы басу арқылы іске асатын заманға да жақындап келе жатырмыз. Аз ғана үзіліс жасап, осыған дейін қолданысқа енген жаңа технологияларға тоқталып көрейік. Төменде жаңа технологиялар туралы қызықты деректер ұсынылады:
2006 жылы Қытайда 398 миллион мобильді телефон қолданыста болған. Қазір мұнан 3-4 есе көп телефон бар.
Foxconn зауытында iPhone 4-ті өндіруге бар болғаны 5 секунд кетеді екен.
Мобильді байланыс операторы SMS арқылы әрбір минут сайын 812 000 $ ақша табады.
Қазіргі таңда ғаламшарымызда 4 миллиардтан астам адам ұялы телефон қолданады.
Компакт-дискілер ортасынан соңына қарай оқылады, бірақ, соңынан ортасына қарай жазылады.
Ғаламтордағы ең танымал тілдер – ағылшын тілі, жапон тілі және испан тілі.
Оңтүстік Кореядағы үйсіз әрбір төртінші адамның кредиттік картасы бар.
Британық режиссер таңғажайып фильм қарайды. Бұл фильмді адам қарамайды, ол адамды бақылайды. Оған деген көзқарастан, кертартпалықтан сюжеттер өзгеріп отырады екен. Алексис Кирктің бұл фильмі "Many Worlds" деп аталады.
Білесіз бе, «Bluetooth» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «көк тіс» деген мағынаны береді. Бұл атау Х ғасырда Данияны және Норвегияның жартысын билеген І Харольда Синезубой патшаның құрметіне берілген.
Ғаламтордағы суреттердің 80 %-ы жалаңаш әйелдердің суреті екен.
«SMS» (Short Message Service) сөзін ағылшын тілінен аударғанда қысқа хабарламалар қызметі деген мағынаны білдіреді. «SMS» келгенде Nokia телефоннан шығатын дыбыс Морзенің коды саналады екен.
Спорт жайлы мақал - мәтелдер.
1. Денсаулық – зор байлық.
2. Айналдырған ауру алмай қоймас.
3. Ауру атанды да шөктірер.
4. Жарлының байлығы – денінің саулығы.
5. Сәті түскен ауруға не болса, сол ем болады.
6. Тәні саудың жаны сау.
7. Әуелгі байлық — денсаулық
8. Екінші байлық — он саулық,
9. Үшінші байлық — ақжаулық.
10. Шынықсаң шымыр боласың.
11. Дені саудың – жаны сау.
12. Спорт – бейбітшілік елшісі.
13. Белдессең – бекем бол.
14. Мықтылық мұратсыз келмейді.
15. Күш атасын танымас.
16. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
17. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.
18. Жүйрікте сын жоқ..
19. Жүйрік болсаң, шауып көр
20. Шын ер жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас.