Садақ — жебе атуға арналған қол қаруы. Садақты тас дәуірінен 20 ғасырға дейін дүние жүзінің барлық халықтары пайдаланған. Ерте кезде аң аулауда, кейін соғыс ісінде қолданылған. Қарапайым садақты тобылғы, үйеңкі, т.б. ағаш шыбықтарынан доғаша иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасайды[1]. Күрделі садақтың сыртқы бетіне сіңір тартылып, ішкі жағы мүйізбен қапталады, кейде ортасы мен екі шетіне сүйек бастырма қағылады (қ. Құрама садақ). Күрделі садақты ежелгі Шығыста, оның ішінде сақтар, кейінірек ғүндар мен Орталық Азия халықтары көп қолданған. Қазақ садағы көшпелілер садағының жетілдірілген жалғасы болып саналады. Ауыз әдебиетінде садақтардың қолданылған материалдарына қарай “қайың садақ”, “қарағай садақ”, “үйеңкі садақ” деген атаулары кездеседі. Қайыңның қабығымен қапталған, сарғайған түсіне байланысты “сарыжа”, “сарсадақ” деген атаулары да бар. [2]
интернет деген не және ол не үшін қажет? бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. интернет- миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүниежүзіндегі ең үлкен және танымал желі.интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (international network). интернет- бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. интернет ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкнідіктер ұсынады. интернет – миллиондаған компьютерді алып желілердің желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және ең белгілі желі.