Жылқы адамға нағыз пайдалы хайуанның бірі. Көлік орнында жылқы салт мініледі, арба, шанаға жегіледі, соқаға салынады. Жылқының күші мол, жүрісі өнімді.
Жылқы сүтінен әрі сусын, әрі тамақ, әрі дәру қымыз істеледі. Еті дәмді, қуатты. Терісінен былғары, қайыс сияқты нәрселер істеледі. Жал құйрығын сатсаң – пұл, ессең – арқан-жіп болады, тұяғынан түйме сықылды нәрселер жасалады, желім қайнатылады. Сүйегі сабын мен қант зауыттарында ұсталады. Қысқасы, пайдаға асыра білгенге жылқы бойындағы бар заттардың іске аспай қалатыны жоқ. Жылқының тұқымы толып жатыр. Олардың біреулері салт мінуге жақсы, біреулері жүк тасуға жақсы, біреулері жарысқа жақсы. Салт пен жарысқа жақсы жылқылар монғол мен арий жылқысынан шыққан тұқымдар.
Қазақ халқы қашан да бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Береке басы – бірлікте», «Ырыс алды – ынтымақ» деген сияқты көптеген мақал-мәтелдер соның айғағы. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген бабаларымыз бала тәрбиесінде де осы қағиданы басты бағыт етіп ұстаған. Ол атадан балаға мұра болып, әлі де жалғасын тауып келеді. Бірлік пен татулық тәлімінің қазіргі көпұлтты Қазақстан жағдайында маңызы ерекше. Мемлекет құраушы жердің иесі – қазақ халқы өзге ұлттар мен ұлыстарға бейбітшіліктің асқан үлгісін көрсетіп келеді десек, артық емес. Тарихымызға үңілсек, оған анық көз жеткізе аламыз. Қиын-қыстау кезеңге тап болған өзге ұлт өкілдеріне қашан да қамқор болып, ағалық мейірімін аямаған. Алаш елі тағдырдың жазуымен жер аударылып келген түрлі ұлыстарға төрінен орын беріп, бір үзім нанын бөліскені белгілі. Сол үшін көптеген ұлыстардың өткені мен бүгінгі буыны қазақ халқына шексіз риза. Қазақ жерінде қазір 140-тан аса ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүруде. Оларға Қазақстан азаматтары ретінде тең құқық берілген. Олар білім алу, емделу, жоғары лауазымды қызмет атқару мүмкіндіктеріне ие. Елімізде мекен еткен ұлт пен ұлыстарға өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрін сақтауға лайықты жағдайлар жасалған. Олардың әрқайсысының ұлттық мәдени орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мәдени орталықтар әр халық өкілдерінің өз ұлттық дәстүрлерін сақтауға зор ықпал жасап келеді. Сонымен бірге, көпұлтты Қазақстанның мәдени жағынан әртарапта дамуына үлес қосып келеді. Қорыта келе айтарым, бірлік, татулық – тыныштық тірегі!..
Жылқы адамға нағыз пайдалы хайуанның бірі. Көлік орнында жылқы салт мініледі, арба, шанаға жегіледі, соқаға салынады. Жылқының күші мол, жүрісі өнімді.
Жылқы сүтінен әрі сусын, әрі тамақ, әрі дәру қымыз істеледі. Еті дәмді, қуатты. Терісінен былғары, қайыс сияқты нәрселер істеледі. Жал құйрығын сатсаң – пұл, ессең – арқан-жіп болады, тұяғынан түйме сықылды нәрселер жасалады, желім қайнатылады. Сүйегі сабын мен қант зауыттарында ұсталады. Қысқасы, пайдаға асыра білгенге жылқы бойындағы бар заттардың іске аспай қалатыны жоқ. Жылқының тұқымы толып жатыр. Олардың біреулері салт мінуге жақсы, біреулері жүк тасуға жақсы, біреулері жарысқа жақсы. Салт пен жарысқа жақсы жылқылар монғол мен арий жылқысынан шыққан тұқымдар.
Объяснение:
Жылқының пайдасы