5-тапсырма. жақша ішіндегі тиісті етістіктерді дұрыс тұлғада қойып,
сөйлем құра.
1. қалада көлік кептелісі жиі (бол, айт, соң).
2. әлібек мектепке қоғамдық көлікпен (жүр, бар, отыр).
3. қала тіршілігі ерте (жүргіз, бастал, орналас).
4. қоғамдық көліктерді (күт, отыр, жеткіз).
Диалогті жалғастыру.
-Жидегің тәтті ме?
-Өте дәмді. Жейсің бе?
-Иә, дәмін көрейінші...
-Міне, ала бер.
-М-м, тәтті екен. Қайдан алып едің?
-Орталық базардың кіре беірісінде отырған апайдан.
-Мен де алмасам...
-Жидекті жақсы көресің бе?
-Иә. Үйде тосабы да бар. Бірақ осындай балғын жидекті жегім кеп жүрген. Рақмет саған!
-Оқасы жоқ!
Дыбыстық талдау.
Қоян - 4 әріп, 5 дыбыс (я - й+а)
Қ - дауыссыз, қатаң.
о - дауысты, жуан, ашық, еріндік.
й - дауыссыз, үнді.
а - дауысты, жуан, ашық, езулік.
н - дауыссыз, үнді.
Аю - 2 әріп, 3 дыбыс (ю - й + у)
А - дауысты, жуан, ашық, езулік.
й - дауыссыз, үнді.
у - дауысты, жуан, қысаң, еріндік.
Тиін - 4 әріп, 4 дыбыс.
Т - дауыссыз, қатаң.
и - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.
і - дауысты, жіңішке, қысаң, езулік.
н - дауыссыз, үнді.
Қазақ тілі бай тіл
Менің ойымша қаза тілі өте бай тіл. Қазақ тіліндегі теңеулер мен сөз тіркестері өте керемет
Себебі мен оны былай түсіндіремін: қазақтағы айтыс өнерінің өзі тіліміздің дамыған ауыз әдебиетіне бір мысал бола алады. Ауыз әдебиетінің жақсы дамығандығы тілдің байлығының бір белгісі бола алады.
Оны мен былай дәлелдеймін. Мысалы айтыста ақында барлығы бір әріптен басталатын өлең шумақтарын да жазып отырған. Бұл дегеніміз сол нәрсені жасауға жеткілікті сөз байлығы бар деген сөз.
Осыған байланысты қорыта келе тілімізді өте бай және оны құрметтеу керек деп ойлаймын.