5.Тыныс белгісі дұрыс қойылған бірыңғай мүше мен жалпылауыш сөзді анықтаңыз.. А)Далада қызыл-сары гүлдер жайқалып тұр.
В) Ерекше қасиеттері үшін қазақ киікті дәріптеп, «киелі жануар», «қасиетті аң» деп
бағалайды
С) қызыл түс-дабылдың тыйым салудың белгісі.
Д) Алтай рауғашы, ала күлтелі қызғалдақ, Алтай торсылдағы марал түбірі-осылардың
барлығы қанонқарағай өңірінде өседі.
E) Табиғатты қорғауды өзіңнен баста.
Жылқы туралы диалог құрастыру.
Аманжол: Досым, сенің сүйікті жануарың не?
Мұратбек: Менің сүйікті жануарым – жылқы.
Аманжол: Неліктен?
Мұратбек: Оның екі себебі бар. Біріншісі – өзім жылқы жылы дүниеге келгем, ал екіншіден - қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны жылқы. Жылқы – малдың патшасы. Атам да ауылда жылқы өсіреді.
Аманжол: Ия, жылқылар ерекше ақылды жануар ғой. Маған да жылқа ұнайды.
Мұратбек: Ал саған неліктен жылқы малы ұнайды?
Аманжол: Жылқы - қасиетті жануар ғой. Бұрынғы кезде аңыз – дастандарды оқысақ, батырлардың жылқыларының аты болған екен. Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген.
Мұратбек: Ия, дұрыс айтасың.
Аманжол: Оның үстіне жылқының қымызы қырық ауруға ем деп айтып жатады.
Мұратбек: Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен.
Аманжол: Кеше ғана ғаламтор беттерінен « жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан» дегенді оқып, жылқылардың адамдарға сондай пайдалы екеніне таң қалдым. Осындайды естідің бе?
Мұратбек: Жоқ, естімеппін. Ия, жылқы малы – қастерлі жануар ғой.