5 вопросов Оюлар
Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
«Келе ғой, қошақаным, өзіме!» деп,
Әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
Желбауда, басқұрда ма аңсау емім.
Әжемнің көзіндей бұл оюларды
Таба алмай дала кезіп шаршап едім.
Елестеп көз алдымда сән шақтарым,
Келгенде құлағыма аңсатқан үн.
Түрінен текеметтің көріп тұрмын,
Әжемнің тарамысты саусақтарын...
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Найман тайпасы Төртуыл руынан шыққан.[2] Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады.
1985 жылы қазіргі әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.
1986 жылдан әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде оқытушылық қызметте болды. 1986-1988 жылдары стажер-зерттеуші, 1988-1991 жылдары ассистент, 1991-1994 жылдары аға оқытушы, 1994-1995 жылдары доцент. 1995-2001 жылдары деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары, журналистік шеберлік және әдеби редакциялау кафедрасының меңгерушісі, баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, мерзімді баспасөз кафедрасының меңгерушісі, 2001-2009 жылдары әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы.