50. Диалогке тән тыныс белгілерін қой. Әли, сен білесің бе? Менің ағам Түркияға ұшпақшы.
Онда сенің әжең тоқымқағар жасайды екен ғой.
Ол не? Мен түсінбедім.
Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда жасалатын бас
қосу. Онда ел жиналып, ойын-сауық, өлең-жыр айтылады.
Егер ағам маған сыйлық әкелсе, ең жақсысын саған
беремін. Сен менің нағыз досымсың ғой.
Алыс сапарға шыққан адамдар туыстарына, балаларға
ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атай
ды. Бұл
- жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі.
Екеуара сұхбат құраңдар. Күрделі сөздерді тауып, түрлеріне
ажыратыңдар.
• «Тоқымқағар», «базарлық» сөздері айтылған сөйлемдерді теріп жа.
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
Рухани мәдениетіміздің көне жәдігері домбыра себебі домбыра болмаса біз ән айталмайтын едік,күй орындамайтын едік.Сол себепті домбыра біздің асыл қазынамыз!
Мен ата-анамның еңбегін қалай өтеймін, олар мен үшін бар күшін сарп етіп, түн ұйқысн төрт бөлді. Менің өмірімдегі ең қымбат жандар ата-анам. Олар өте жақсы, аса мейірімді, өте қарапайым адамдар. Мен үшін әлемдегі ең әдемі, ең әсем менің ата-анам. Олар маған өте жақсы тәрбие берді. Олар өздерінің еңбегімен еңбекті бағалауға, білімімен білімге ұмтылуға үлгі бола білді. Ата-анам менің зор байлығым. Ата-анам менің асыл қазынам. Ата-ананың балаға деген шексіз махаббатын бағалай білу біздің парызымыз. Мен сендердің еңбектеріңді өтеуге, өздеріңді аса құрметтеп, көңілдеріңе ешбір кірбің түсірмеуге бар мүмкіндігімді пайдаланамын.
Объяснение: