В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
adashevanastya
adashevanastya
08.11.2021 03:04 •  Қазақ тiлi

58. Александрия шамшырағы Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның
ғажайып үлгісі болып табылады. Александр Македонский Александрия
қаласының негізін б.з.б. 332 ж. қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар
тұратын ауыл болатын, оның жағасындағы жартастарға үнема кемелер
соғылып апат болған. Қаланың өсіп дамуына байланысты қалаға келетін
кемелердің портқа шығынсыз жетулері үшін маяк қажеттілігі туған. Б.з.б. 229
ж Александрдың мұрагері Птолемей Сотер жакын жердегі Фарос аралында
маяктың құрылысын бастайды. Бұл 20 жыл мезгіше созылады.
Александрия шамшырағын тұрғызған книдтік сәулетші Сострад кейінгі
ұрпаққа өз атын қалдырғысы келіп, шамшырақтың мәрмәр қабырғасына:
«Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострад теңізшілердің амандығы үшін
құтқарушы Құдайларға бағыштайды», – деп жазған. Бірақ патшаның
қаһарынан коркып, жазудың үстін сылап, бетіне әміршінің атын жазған.
Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз атын білді.
Александрия шамшырағы – өз заманындағы өнер мен ғылымның
ғажайып үшісі Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші
қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз
қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына
қарай орналастырылған. Бізге жеткен деректерден осы екінші қабатта желдің
бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал міндетін атқарған ескерткіш-
мүсіндердің болғаны анықталды. Мәрмәрмен қапталған зәулім мұнара үлкен
шамшыракпен аяқталады. Осы үшінші қабат гранит колонналар тіреп тұрған
күмбезбен жабылған. Күмбез басына өте алыстан анық көрініп тұрған теңіз
кұдайы Посейдонның 7 метрлік қола мүсіні қойылған.
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Александрия шамшырағы қандай мақсатта салынды?
2. Неге шамшырақты «Жеті кереметке» қосады?
3. Александрия шамшырағы туралы бұрын білетіндерің бар ма?
Жазба жұмысы: 2. Орфографиялық сөздіктен қарап, жақша ішінде
берілген сөздерді бөлек, бірге не дефис арқылы жазыңыздар.
Сары (арка), Бура (бай), еш (уақытта), Хан (тәңірі), шек (ара), кім (ке шек),
ер (тұрман), жоғары (төмен).​

Показать ответ
Ответ:
shegve
shegve
08.07.2021 19:44
                                                 Паһ шіркін аналар-ай!
Асыл анам сен туралы қанша айтсам да әңгімем таусылар ма?! Бірақ, сол әңгімені айту үшін менің асыл сөзімнің қоры жетпейді ме,- деп қорқамын, анашым! Мен сенің алдыңда өмір бойы борыштымын, жаным, анам. Сенсің ұйқысыз өткізген түндеріңді, мені уайымдау мен өткен күндеріңді, барлық көрген мен үшін қиыншылықтарыңды өтейтін қауқары болса. Өзіңе менің  әрбір ісім қуаныш сыйласа, сенің мен бақыттымын деген сөзіңді естісем, анашым. Менде өзімді өте бақытты сезінер едім. Паһ шіркін аналар-ай ,- деген сөз балаңның өзіңе және басқа аналарға деген жүрегінен жарып шыққан ризашылығы, қабыл ал Анашым.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Kuro111
Kuro111
20.04.2022 16:43

Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?

Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.

Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті  көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота